Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Ақ жол» партиясы ҚР Конституциясына Президент ұсынған өзгерістерді қолдады

24.01.2026
КҮНДЕРЕК
«Ақ жол» партиясы ҚР Конституциясына Президент ұсынған өзгерістерді қолдады
WhatsAppTelegramFacebook

«Ақ жол» демократиялық партиясы Мемлекет басшысы Ата заңға енгізуді ұсынған концептуалды өзгерістерді қолдайды. Бұл туралы партияның фракциясын басқаратын Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында мәлімдеді.

Ол күні-кеше партияның Ұлттық кеңесінің пленумы өтіп, онда V Ұлттық Құрылтайдың қорытындылары мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституциялық реформа жөніндегі бастамалары талқыланғанын хабарлады.

«Осы ретте партия төрағасы ретінде маған Конституциялық комиссия мүшелеріне «Ақ жол» Мемлекет басшысы ұсынған Конституцияның тұжырымдамалық өзгерістерді қолдайтынын баяндау тапсырылды», – деді Азат Перуашев.

Сонымен қатар ол ұлттық бизнес пен өнеркәсіппен айналысатындардың мүдделерін білдіре отырып, «Ақ жол» азаматтар мен кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғаудың конституциялық кепілдіктерін күшейту қажеттігіне ерекше назар аударуды ұсынады.

«Мысалы, банк операциялары мен салымдардың құпиясын бұзу жағдайлары алаңдаушылық туғызады. Біздің ойымызша, осылайша азаматтар мен бизнестің қаржылық жағдайы туралы дербес деректердің жеткіліксіз қорғалуы байқалады, бұл жаппай цифрландыру және деректердің тарап кетуі дәуірінде өте қолайсыз болып отыр», –деп атап өтті Азат Перуашев.

Оның айтуынша, конституциялық құқықта кәсіпкерлік кепілдіктер мен бостандықтар мәселелерін шешуге кешенді көзқарас қажет. Бұл сондай-ақ Мемлекет басшысының бизнесті қолдауды күшейту және өткен жылдың қыркүйек айында халыққа Жолдауында айтылған инвестицияларды қорғау жөніндегі арнайы комитет құру жөніндегі тапсырмаларымен үндеседі.

«Ақ жол» демократиялық партиясы банктік құпияны, жеке және іскерлік келіссөздерді, сондай-ақ цифрлық технологияларды қоса алғанда, кез келген байланыс құралдарымен берілетін хат-хабарларды конституциялық қорғауды күшейтуді ұсынады. Бұл азаматтар мен бизнестің жеке меншік құқығын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін күшейтудің маңызды элементі болады», – деп түйіндеді Азат Перуашев.

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.