Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АҚСУДАҒЫ ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ

31 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
АҚСУДАҒЫ ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жансүгіров ауылында халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 24 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Жетісу облысының 3 жылдығы аясында баспана бақытына бөленген ақсулықтардың қуанышына көзайым, сан жылдан бергі асыл армандары орындалғанының куәсі болдық.

Алғашқы болып сөз алған Ақсу ауданының әкімі Берік Тынышбаев көпшілікті қуанышымен құттықтады.

Өз кезегінде Ақсу ауданының Құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Айтбайұлы пәтер кілтіне ие болған барша қоныстой иесіне ақ батасын берді. Күллі қазақ шаңырағы шуақты, тірлігі қуатты күн кешсін деп тілегін арнады.

Ақсу ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жалға берілетін 24 пәтерлі тұрғын үй ата-анасының қарауынсыз қалған 3 балаға, 10 көпбалалы отбасына берілсе, 11-і әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған азаматтар категориясы арқылы табыс етілді.

Айта кетерлігі, облыс бойынша 2025 жылға 1 шаршы метр тұрғын үйдің құны 309 657,1 теңге болып бекітілген. Осыған сәйкес Ақсу ауданы бойынша тұрғын үй құрылысына қажетті қаржы облыстық және республикалық бюджеттер есебінен бөлінген. Аталған қаржы есебінен сатып алынған жаңа баспана тұрғын үй комиссиясының шешімімен әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берілді.

Сан жылдан бергі асыл арманы орындалып, жаңа тұрғын үйдің иесі атанған 84 жастағы әже Күлпаш Жұмабекова:

– Бәріміз үшін ерекше күн, қуанышты сәт. Жетімін жебеп, көп баланы өмірге алып келген ата-ананы ардақтаған, әлеуметтік осал топтағы жандардың арманын жалғаған, үмітін үкілеген Үкіметке, облыс, аудан басшылығына айтар алғысым айрықша, – деп толғанды.

Рас, көптің қуанышын еселеген 24 пәтерлі тұрғын үйдің жалпы ауданы 1 546 шаршы метр. Бұл тұрғын үйде 1 бөлмелі 6 пәтер, 2 бөлмелі 6 пәтер, 3 бөлмелі 12 пәтер бар. Тұрғын үй 520 млн. теңгеден астам қаржыға салынған.

Қазіргі таңда Ақсу ауданында үй кезегінде 716 адам тіркелген болса, енді ол 24-ке қысқарғанын да айта кеткен жөн.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30
Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18
Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.