Талдықорған: +24°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ақынның қаршығасы

25.04.2026
КҮНДЕРЕК
Ақынның қаршығасы
WhatsAppTelegramFacebook

Көгімде еркін шалқыған,
Ей, көгілдір қаршығам.
Қанатыңнан айналдым,
Көк жалындай шарпыған.
Көк қаршығам – ғұмырым,
Сонда алтын тұғырың.
Тұғырыңа қон-дағы,
Ғашық етші қыр ұлын…

Бұл жыр жолдары ғана емес, бір жүректің екінші жүрекке мәңгілікке байланған сәті. Ақынның «Көк қаршығам – ғұмырым» деуі – әсірелеу емес, өмірдің өзінен туған, тағдырмен бекіген шындық. Өйткені кейде адам өз ғұмырын басқа бір жанның тынысынан табады. «Жақсының жары» айдарының бұл жолғы кейіпкері ақын жүрегін жаулап, сезімін өлеңмен өрнектеген Жәркен Бөдештің серігі Гүлшат Нұрғазықызы.

Ақын бір сөзінде: «Жас келгенде жаныңда Құдай қосқан жарыңнан басқа ешкім қалмайды екен» деген екен. Сол сөздің мәнін өмірімен дәлелдеген жанның бірі – Гүлшат Бөдешева.

«Қыз кезімдегі тегім Жақсылықова болатын…». Осы бірауыз сөздің өзінде қазақ әйеліне тән тұтас тағдыр жатыр. Әке шаңырағынан басталған ғұмыр жар тағдырымен жалғасып, жаңа мәнге ие болды. Бұл тектің ауысуы ғана емес, жауапкершілік пен тағдырдың тоғысуы еді.

Гүлшат Нұрғазықызының ата-анасы заманның аласапыранында Қытайға ауа көшіп, 1955 жылы елге оралған жандар. Сол жылы Тарбағатай өңіріндегі Кендірлік ауылына қоныстанып, жаңа тіршілік бастайды. Бала санасында бұл кезең көмескі қалғанымен оның болмысына өз ізін қалдырды.

– 1959 жылы отбасымызбен Алматыға қоныс аудардық. Содан бері осы қалада тұрып келемін. Үлкен шаһар – өмірімнің барлық белесімен біте қайнасқан мекенге айналды. Отбасымызда жеті бала болдық. Әпкелерім – Бану мен Құлтай, одан кейін мен, менен кейін Гүлхан, Гүлжамия және Нұртай бар. Ағамыз ерте өмірден өтті.

Әкем – Нұрғазы Жақсылықов, анам – Рахат Серменқазықызы. Шешем ұзақ ауырды, елу жасында өмірден өтті. Сол кезде кіші сіңлім он алтыда, бауырым он екіде еді. Шешем қайтыс болар алдында: «Мені Тарбағатайға апарып жерлеңдер» деп аманат айтты. Біз сол тілегін орындадық…
Әкем шешемді ерекше жақсы көрді. 1974 жылдың сәуірінде анамыздан, тамызында әкемізден айырылдық. Денсаулығы мықты еді, бірақ ішкі қайғыны көтере алмады, – дейді кейіпкеріміз.

Әкесі қарапайым еңбек адамы болғанымен ерекше қайрат иесі еді. Төрт адам әрең көтеретін ауыр цистернаны жалғыз өзі көтеретін күші ел ішінде аңыз болып айтылатын. Алматыға келген соң нан зауытында еңбек етіп, отбасын адал еңбегімен асырады. Оның еңбекқорлығы мен қайсарлығы балаларына үлгі болды.

– Біз де еңбекке ерте араластық. Әке-шешемнен айырылғанда жасым 23-те еді. Дүкенде жұмыс істедім. Мектепті орыс тілінде оқыдым. Ауылдан қалаға келгенде тіл білмеген соң қайта бірінші сыныпқа бардым. Қазақ мектебі болмады, бірақ үйде қазақша сөйлейтінбіз. Әкем соны қадағалайтын.

Сауда саласында оқығым келгенімен, мүмкіндік болмады. Содан шаштараз курсын оқып, 1973 жылдан бастап еңбек еттім. Елу жыл осы мамандықта жұмыс істеп, зейнетке шықтым, – дейді ол.

– Жәркенмен 1976 жылы таныстым, – деп жалғады әңгімесін. – Үйде бірнеше қыз тұрдық. Ауылдан оқуға келген туысқандардың қыздары болатын. Көршілер Жәркенге біздің үйде көп қыз тұратынын айтыпты. Ол кезде Алматыға жаңа келіп, құрылыста жұмыс істеп жүрген еді. Қыздардың үлкені мен едім. Қарапайым таныстық бірте-бірте достыққа, одан махаббатқа ұласты. 1977 жылы шаңырақ көтердік.

Жәркеннің өмір жолы да жеңіл болған жоқ. Қытайдан келген соң кешкі мектепте оқып, кейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тамамдады. Біз үйленген кезде ол әрі жұмыс істеп, әрі оқып жүрді.

Ақынға жар болу оңай емес деп жатады ғой. Бірақ біз бір-бірімізді түсіндік. Мен ешқашан оның алдына түсіп кеткен емеспін, ол да «өзім білемін» деген жоқ. Бізде сыйластық болды. Бір-бірімізге сүйеу едік. Жәркеннің достары да: «оның жетістігінің артында Гүлшат тұр» деп айтатын. Бірақ мен оны өз міндетім деп қабылдадым.

1978 жылдың 1 сәуірінде ұлымыз Айбын дүниеге келді. Ол кезде Жәркен кітап палатасында жұмыс істеп жүрді. Ұлымыздың дүниеге келуі біз үшін үлкен қуаныш болды. Айбынға Оразақын Асқар кіндік әке, ал Ажар апай кіндік шеше болды. Кейін екінші ұлымыз Айдар өмір есігін ашты.

Осы тұста Гүлшат апа сәл үнсіз қалып, ойын жинақтап алды.

– Ақындар жаза салмайды ғой… Кейде өмірдің өзі жазғызады. Ой аяқ астынан келеді. Көлікте отырса да, бір шаруамен жүрсе де, сол ойды ішінде сақтап жүреді де, кейін қағазға түсіреді. Өлеңнің түбі – сағыныш… Жәркен: «Отанды сүю – кіндік қаның тамған жерден басталады» деп айтатын. Туған жерін қатты сағынатын. Сол сағыныш өлеңге айналатын…

Ол өлең жазғанда уақыт талғамайтын. Күндіз де, түнде де жаза беретін. Бар күш-қуатын, қабілетін поэзияға арнады. Ұлтының басынан өткен тағдырды жырға айналдыра білген шынайы талант еді. «Өлгенше өлеңімді жазып өтемін» деп жиі айтатын. Сол сөзінде тұрды.

Алайда тағдырдың сынағы ауыр болды. Айдарымыз жалындап тұрған шағында өмірден өтті. Бұл бізге қатты соққы болып тиді. Осыдан кейін Жәркен тұйықталып кетті. Кейін Айбыным бақиға аттанды. 2021 жылы Жәркеннен, араға екі жыл салып ұлымнан айырылдым. Тағдырға не шара?! Айбыным отбасылы еді, артында ұлы мен қызы қалды.

Жәркеннің маған арнаған өлеңдері аз емес. Тағдырдың бізді табыстырғанына шүкір етемін. Бірақ өмір әрдайым сен ойлағандай болмайды екен. Алла бергенін өзі алады.
Қазір қасымда сіңлім бар. Жалғыз емеспін. Жалпы, өмірде бәрін сабырмен қабылдауға тырысамын. Қолымнан келері – сол ғана, – дейді ол.

P.S. Бұл ақынның жары ғана емес, тағдырдың талай сынынан өткен, сабыр мен төзімнің үлгісін көрсеткен жанның ғұмыр жолы. Ақын жырлаған «көгілдір қаршыға» – оның өміріндегі ең сенімді тірек болған жан.

Алматы – Талдықорған – Алматы 

 

Қатысты жаңалықтар

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026
Ақынның қаршығасы

Ақынның қаршығасы

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.