Талдықорған: +3°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАР МА, ЖАҢБЫР МА, БӘРІБІР! ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ТАЛҒАРДАҒЫ МӘСЕЛЕГЕ НАЗАР АУДАРДЫ

10 желтоқсан 2021
КҮНДЕРЕК
ҚАР МА, ЖАҢБЫР МА, БӘРІБІР! ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ТАЛҒАРДАҒЫ МӘСЕЛЕГЕ НАЗАР АУДАРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Әлеуметтік желіде Талғарға қатысты тағы бір шулы бейнематериал (үстінен басыңыз) тарады. Желідегі видеодан ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жанталасып асфальт төсеп жатқан жұмысшыларды көруге болады. Аталған жайтқа Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ назар аударып, «Твиттер» парақшасы арқылы пікір білдірді. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Видеоны Талғарда тұратын қала тұрғындарының бірі түсірген. Видео Instagram желісіне жүктелген. Видео авторының айтуынша, кадрлар 8 желтоқсанда Абылай хан көшесінде түсірілген. Сол күні көшеде қар жауып, жолдың су және лай-батпақ болған. Бірақ жұмысшылар асфальт төсеуін тоқтатпаған. «Мұның бәрі бізде дәстүрге айналған. Не үшін бұлай болып жатқанын білесіз бе? Өйткені, жыл аяғында бюджет игерілуі керек қой», — дейді видео авторы болып жатқан жайт туралы.

Жағдайға «Автодор Талғар» компаниясы түсініктеме берген. «Талғар қаласын Абылай хан көшесіндегі 1200 орынды орта мектепке кәріз жұмыстарын жүргізуге тапсырыс беруші — Алматы облысының құрылыс басқармасы. Мердігерге ауа райының қолайлы жағдайында жолдың бұзылған бөлігін асфальттау туралы бірнеше рет ескертілген. Алайда мердігер оны елемеген. Мердігердің мәліметінше, жұмыс құрылыс салушының есебінен жүргізіліп жатыр. Тапсырыс берушінің шешіміне дейін жұмыс тоқтатылды», — делінген түсініктемеде.

Қар ма, жаңбыр ма, лай-батпақ па, бәрібір, ештеңені елемей асфальт төсеп жатқандар мәселесіне Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев назар аударды. «Бұл бюджет қаражатын дұрыс пайдаланбаудың, ысырап етудің айқын мысалы. Кінәлілер жазасын алады», — деп жазды ол желідегі парақшасына.

Айта кетейік, қараша айының соңында Талғарда осындай жағдай тағы да орын алған еді. Ол кезде жұмысшылардың мұз бен қар қабатының үстіне асфальт төсеп жатқаны түсірілген болатын.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

30 қазан 2026
Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

30 қазан 2026
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

29 қазан 2026
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

29 қазан 2026
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

29 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.