Талдықорған: +9°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАРАСАЙЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАНСЫРАП ЖАТҚАН ЖІГІТТІ ҚҰТҚАРДЫ

5 қараша 2020
КҮНДЕРЕК
ҚАРАСАЙЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАНСЫРАП ЖАТҚАН ЖІГІТТІ ҚҰТҚАРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қарасай ауданының полицейлері ауыр пышақ жарақатын алған тұрғынның өміріне араша түсіп, аман алып қалды. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлады.

Қарасай ауданында таныстар арасындағы төбелес барысында сол жақ санына пышақ сұғылған тұрғынның артериялық тамыры кесіліп, жарақаттық шок салдарынан есінен танып қалған. Аумақты патрульдеу барысында қылмыс үстінен түскен тәртіп сақшылары зардап шегушіге жедел медициналық көмек көрсетіп, жергілікті ауруханаға жеткізді.

Оқиға түнде орын алған. Қарасай ауданының 20 жастағы екі тұрғыны Көксай ауылында кездескен. Бірлесіп сыра ішу барысында таныстар арасында сөзге келіспеушілік орын алып, кейінірек татуласқан. Үйлеріне қайту мақсатында өзге көлікке мініп, Кемертоған ауылына келген. Сол сәтте күдіктінің ойына бірер сағат бұрынғы реніші түсіп, көлікті тоқтатып, жағаласу барысында танысына пышақ жарақатын салған.

— Патрульдік полиция ротасының 194-борт инспекторлары, полиция аға лейтенанты Мадияр Шеттікбаев пен полиция лейтенанты Мейіржан Әбдімомынов әкімшілік аумақты автопатрульдеу кезінде оқиға орнына тап болған. Күдіктіні оқиға орнында ұстап, зардап шегушіге көмек көрсеткен. Әр секундтың құндылығын түсіне отырып, алдымен күре тамырдан шапшыған қанды тоқтатқан. «Жедел жәрдемді» күтпестен, бірден ауруханаға жеткізген. Жағдайды дұрыс бағамдап, өте орынды шешім қабылдаған полицейлердің ісін ерлікке тең деп санаймын. Өйткені, олар адам өміріне араша түсті, — деді Қарасай ауданы полиция басқармасының бастығы, полиция майоры Болат Тотыбаев.

Полиция басшысының айтуынша, оқиға орнынан табылған пышақ тәркіленіп, іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 106-бабының 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тиісті бірқатар сараптамалардың қорытындылары алынды. Қылмыстық іс материалдары сот органдарының қарауына жолданды.

Зардап шегуші екі күрделі ота жасалғаннан кейін есін жиып, жанын аман алып қалған тәртіп сақшыларына алғысын айтты.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін, 17:23
Жолдау жүктеген міндет

Жолдау жүктеген міндет

Бүгін, 17:12
Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Бүгін, 17:07
Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Бүгін, 16:59
Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Бүгін, 16:53

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.