Талдықорған: +21°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ҚАРУЛАСТАРЫМДЫ ЕСКЕ АЛАМ»: ҚАРТ САРБАЗ МӘҢГІЛІК АЛАУҒА ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ

09.05.2020
КҮНДЕРЕК
"ҚАРУЛАСТАРЫМДЫ ЕСКЕ АЛАМ": ҚАРТ САРБАЗ МӘҢГІЛІК АЛАУҒА ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Әттең, Жеңіс мерекесі коронавирус жайлаған заманның қиын кезімен тұспа-тұс келді. Әйтпесе, жеңіс туын желбіретткен ардагерімізді құшағын гүлмен дестелеп, омырауын жұлдызға толтырып, саф алтындай жалтыратып, жас ұрпақтың алдына алып шығып, міне, біздің батырлар деп мақтанатын-ақ кез еді. Әйтсе де, соғысты көрген ардагерлеріміз қандай қиын кез болса да, ескерусіз қалмайды.

Жеңістің 75 жылдық мерекесіне орай Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов соғыс ардагері Николай Богдановтың үйіне арнайы барып, айтулы мерекесімен құттықтады.

Батыржан Құлаймергенұлы ардагерімізге ең бірінші Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып, табыс етті. Одан кейін облыс әкімі Амандық Баталовтың арнайы құттықтауын оқып, батырдың қолына тапсырды. Сондай-ақ, гүл шоғын ұсынып, әзірлеп әкелген сый-сияпаты мен жетпіс бес жылдыққа арнайы шығарылған кітапты сыйға тартты. Ардагердің қалын біліп, жүрекжарды тілегін арнағанан кейін омырауы орден, медальға толған Николай Федоровичке сөз кезегін берді.

Он жеті жасында соғысқа өз еркімен аттанып, Берлинге дейін қан майданның ортасында жүрген соғыс ардагері Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа, облыс басшысы Амандық Баталовқа, басқа да атқамінер азаматтарға шексіз ризашылығын блдірді. Жасы 94-ті алқымдаған ақсақал елдегі жағдайдан да хабардар. «Басқа түскен қиыншылыққа қарамай, осылай құрмет көрсетіп жатқан ең бірінші халыққа ризамын. Әйтсе де, жыл сайын мәңгілік алауға барушы едім, биыл да сол алаудың ыстық жалынын көріп, қарулас достарым мен соғыста шейіт болған барлық сарбаздарды еске алсам деген өтінішім бар. Сонымен қатар, қазан айында ұлымның 70 жасқа толған тойына барып, арнайы құттықтау сөзімді арнасам деген арманым бар,» — деді.

Майдангердің бұл тілегін қабыл алған Батыржан Құлаймергенұлы ардагерімізді ұлының жетпіс жас мерекесіне баруына бар жағдайды жасап, қол ұшын беретінін айтты. Сондай-ақ, жылдағы дәстүрді бұзбай мәңгілік алауға алып барды.

Қарт сарбаз бетіндегі тарам-тарам әжімдерінің арасынан көңілдің ыстық жасы таралып, қолындағы шоқ гүлін мәңгілік алауға қойды. Иә, бар жастығын сұрапыл соғысқа арнап, қан майданнан аман келсе де, қарулас достарының жарқын бейнесі мәңгілік өшпейтіні белгілі. Оны, ардагердің гүл шоқтарын қойған ардагердің бет-жүзінен-ақ аңғаруға болады. Ардагер кеудесіне қолын қойып, ескерткішке ерекше құрметпен тағзым етті. Бұл оның соғыстан қайтпай қалған, өмірден өтіп кеткен қарулас достарына деген тағзымы еді.

Кеудесін оққа тосқан ардагердің екі баласы, үш немересі мен үш шөбересі бар.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жеңіспен оралды

Жеңіспен оралды

06.04.2026
Елде өмір сүру ұзақтығы рекордтық 75,97 жасқа жетті

Елде өмір сүру ұзақтығы рекордтық 75,97 жасқа жетті

06.04.2026
Жоғалған балықшы аман табылды

Жоғалған балықшы аман табылды

06.04.2026
4 гектар аумақ, 2 мың шаршы метр үй: Алагөзовтер вилласы жұртты таңғалдырды

4 гектар аумақ, 2 мың шаршы метр үй: Алагөзовтер вилласы жұртты таңғалдырды

06.04.2026
Зейнетақы мөлшері артады: 2026 жылы төлемдер қалай өзгереді?

IT мен қаржы саласы көш бастап тұр: Қай мамандықтар ең жоғары ақы алады?

06.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.