Талдықорған: +11°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ашық терезе тажалмен тең

24 маусым 2026
КҮНДЕРЕК
Ашық терезе тажалмен тең

elements.envato.com

WhatsAppTelegramFacebook

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде балалардың терезеден құлауының алдын алу және қауіпсіздік мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, биыл өңірде баланың терезеден құлауы бойынша 1 жағдайы тіркелген. Былтыр 3 оқиға орын алған.

Мамандардың айтуынша, қайғылы жағдайларға көбіне балалардың қараусыз қалуы, терезелерде қорғаныс құрылғыларының болмауы немесе олардың жарамсыздығы себеп болады.

Оқиғалардың алдын алу мақсатында облыста профилактикалық жұмыстар күшейтілген. «Қауіпсіз терезе» республикалық акциясы аясында 92 көпқабатты тұрғын үйде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 860 пәтер қамтылды. Тұрғындарға балалар қауіпсіздігіне қатысты 780-нен астам жадынама мен ақпараттық кітапша таратылған. Сонымен қатар Көксу ауданындағы 11 мектепте жүргізілген жөндеу жұмыстары кезінде 700 терезе құлпы орнатылды. ТЖД бастамасымен Текелі қаласында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің 60 пәтеріне 120 терезе қорғаныс құрылғылары қойылған. Мұндай жұмыстар Көксу ауданындағы жаңа тұрғын үй нысандарында да жалғасуда.

Жыл басынан бері әлеуметтік желілерде балалар қауіпсіздігіне қатысты 120 ақпараттық материал жарияланып, ата-аналарға арналған профилактикалық жадынамалар кеңінен таратылған.

Баспасөз мәслихатында журналистер екі апта бұрын бес қабатты тұрғын үйдің терезесінен құлаған сәби туралы сұрақ көтерді.

Жетісу облысының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Абылай Жорабекұлының айтуынша, оқиға бойынша полицияға хабарлама түскен.

– Зардап шеккен бала 2025 жылы туған. Ата-анасы ажырасқан, қазіргі уақытта анасымен бірге тұрады. Бала бес қабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап, қалалық ауруханаға жеткізілді. Бастапқыда жағдайы ауыр болып, жансақтау бөлімінде ем қабылдады. Дәрігерлер тиісті диагноз қойды, кеуде қуысы жарақатын алған, – деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, оқиға кезінде анасы үйде болмаған, бала нағашы әжесінің қарауында қалған.

– Анасы 2001 жылы туған. Мұндай жағдайларда бала қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілік мәселесі қарастырылуы тиіс деп есептеймін. Өйткені баланың өмірі мен қауіпсіздігі үшін ең алдымен ата-ана жауапты, – деді Абылай Жорабекұлы.

Мамандар ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға, терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатуға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Аяулым Шынгаева

Қатысты жаңалықтар

Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Бүгін, 11:34
«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

Бүгін, 10:00
«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

Бүгін, 09:30
Қазақстан электрондық үкімет рейтингінде 16-орынға шықты

Қазақстан электрондық үкімет рейтингінде 16-орынға шықты

Бүгін, 09:24
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.