Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

6 шілде 2026
КҮНДЕРЕК
Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды
WhatsAppTelegramFacebook

Үштөбе гарнизонында орналасқан 55078 әскери бөлімінің құрылғанына 85 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара аудандық Мәдениет үйінде өтті.

Ел қорғанысын қамтамасыз етуде өзіндік орны бар әскери бөлімнің мерейтойына арнайы қонақтар қатысты. Атап айтқанда, ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары, авиация генерал-майоры Ержан Нильдибаев, Қаратал ауданының әкімі Ұлан Досымбеков, әскери сала ардагерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері мерейтой иелерін құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді.

Салтанатты жиында 55078 әскери бөлімінің командирі полковник Арман Құдайбергенов сөз сөйлеп, бөлімнің қалыптасу тарихына тоқталды. Ол әскери бөлімнің бүгінгі жетістіктері мен жауынгерлік даярлығы, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды міндеттері туралы айтып, әскери қызметшілердің адал еңбегіне жоғары баға берді.

Мерейтой аясында әскери борышын мінсіз атқарып жүрген бірқатар әскери қызметші төсбелгілермен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Тарихы терең әскери бөлім 1941 жылдың 3 шілдесінде ІІ Дүниежүзілік соғыстың ауыр кезеңінде Өзбекстанның Ташкент облысы, Сырдария ауданында құрылған. Кейін 1970 жылы стратегиялық маңызды міндеттерді орындау мақсатында Жетісу облысының (бұрыңғы Алматы облысы) Қаратал ауданына қоныс аударып, бүгінгі күнге дейін ел қорғанысын нығайту жолында үздіксіз қызмет етіп келеді. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес әскери бөлім Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-әуе күштері құрамына енгізілді. Содан бері әскери ұжым мемлекеттің әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жауынгерлік әзірлікті жетілдіруге және ел тыныштығын сақтауға өлшеусіз үлес қосып келеді.

Мерекелік іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Әуелеген ән мен күмбірлеген күй, патриоттық рухтағы шығармалар көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Бүгін, 20:06
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Бүгін, 19:43
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Бүгін, 19:39
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Бүгін, 17:50
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Бүгін, 17:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.