Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Асығыңыз! Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрында тағы да тың премьера

19 ақпан 2024
КҮНДЕРЕК
Асығыңыз! Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрында тағы да тың премьера
WhatsAppTelegramFacebook

Бикен Римова  атындағы  Талдықорған драма театрында тағы да тың қойылым  ұсынылмақ. Бұл биылдың  еншісіндегі кезекті екінші премьера деген сөз.

Дәлірек айтқанда, ақпанның 22-23 жұлдызы драматург Жәнібек Әлікеннің «Күйеу бала» шығармасының желісі бойынша сахналанған «Қазақтың тойы бітпесін» драмасы  театрсүйер  қауымға ұсынылады.

«Қойылым несімен құнды?» деген жалқы сұраққа әзірге біздің ұсынар жауап та біреу. Бүгінде қазақ қызының шетeлдік азаматқа тұрмысқа шығуы –  солқылдап тұрған бітеу жарадай ең өзекті мәселелердің бірі. Әлеуметтік желілерден қаракөз қарындастарымыздың өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығып жататынын жиі көретініміз де жасырғысыз шындық.

Бүгінде «Таңдау адамның еркінде» дейтін топ пен «ұлттың тағдыры, ата дәстүр қалай болмақ» дейтін екінші бір топ талқы-таразыдан түспей тұр әзірге.  Міне, осы үнемі қоғамдық аңыс туғызатын аралас нeке мәселесі қойылымға арқау болады. Сіз бен бізге қызығы да осы төңіректегі шығармашыл топтың шешімдері болатын сынды.

«Екінші топ» демекші, қазақ «Қыздың ары – ұлттың ары» деп бекер тәпсірлемесе керек-ті. Солай болғасын да аталған спектакльде  жадағай  «жаңашылдыққа», орынсыз оспадар қылықтарға ауыл азаматтарының қалай қарсы шыққаны көрсетіледі.

Осы ретте, автор аралас неке мәселесімен қоса, бүгінгі таңдағы қордаланған біраз тақырыптарды көтереді. Мәселен, ұрпақ тәрбиесі, ұлттық құндылықтар, ауылдың азып-тозуы, тіпті экономикалық мәселелер де драматургтің қаламынан қалыс қалмағандай. Оны да қойылым барысында саралап-салмақтай аласыз. 

Сонымен таразы басы, мизам биігінде бірі – жақынын  жатқа  қимаған қазақтың бүгінгі тәрбиесі тұрса, екінші басында махаббатын өзге  ұлттан  іздеген қазақ қызының таңдауы тұр дерсіз. Олардың арасындағы қарама-қайшылық – сіз бен біздің жанайқайымызбен үндес. Кімді шын түсініп, кімге жаныңыз ашиды. Оны тағы сіздің сотыңыз шешеді, мәртебелі көрермен. 

Айта кетерлігі, бұған дейін драматург Әлібек Байбол жазып, жас режссер Рамазан Үсен сахыналаған «Таптым-ау сені» иммерсивті қойылымы ұсынылып, премьера көрермен тарапынан жақсы бағаға ие болған еді. 

Ендеше, бүгінгі уақыт талабынан туындаған тың қойылымға келіңіз. Көріңіз!

Асығыңыз! Ақпанның 22-23 жұлдызы театр сіздерді күтеді, ағайын!

«Жетісу-Ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

Бүгін, 10:09
Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді?

Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді?

Бүгін, 10:00
Тұрғындар тілегі – назарда

Тұрғындар тілегі – назарда

Бүгін, 10:00
Өңірдегі туристік нысандар қоқыстан тазартылды

Өңірдегі туристік нысандар қоқыстан тазартылды

Бүгін, 09:34
Жетісуда медициналық көмек көрсетуге 97,2 млрд теңге қарастырылған

Елімізде пациенттерді қабылдаудың жаңа бірыңғай жүйесі енгізіледі

Бүгін, 09:01

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.