Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеп келеді, деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдайларды жою штабы.
31 мамыр сағат 08:00-де Жайық өзеніндегі су деңгейінің өзгеруі (30 мамыр сағат 08:00-дегі жағдаймен салыстырғанда):
- Индербор ауылы -3 сантиметр, су деңгейі — 951 сантиметр, критикалық деңгей — 845 сантиметр.
- Махамбет ауылы -2 сантиметр, су деңгейі — 1014 сантиметр, критикалық деңгей — 850 сантиметр.
- Атырау +0 сантиметр, су деңгейі 600 сантиметр, критикалық деңгей — 550 сантиметр.
- Жаңаталап ауылы +1 сантиметр, су деңгейі – 432 сантиметр, критикалық деңгей – 500 сантиметр.
- Еркінқала ауылы +1 сантиметр, су деңгейі – 389 сантиметр, шекті деңгейі – 450 сантиметр.
Фото: видеодан алынған кадр





