Талдықорған: +17°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ауылдың үздік мектебі анықталды

15.01.2025
КҮНДЕРЕК
Ауылдың үздік мектебі анықталды

Жыл сайын дәстүрлі түрде облыс көлемінде ауылдың үздік мектебі анықталады. Түрлі бағытта жетістікке жеткен білім ордалары өзара бақ сынайды. Өткен оқу жылында Көксу ауданына қарасты Биғайша Құндақбаева атындағы №1 орта мектебі топ жарып, 1 млн теңге ұтып алды.

Естеріңізде болса, 2023 жылы Көксу ауданына қарасты білім ордасы үздіктер қатарынан көрінген еді. Бұл жолы да Балпық би ауылының мектебі сол биіктен көрінді. 2013 жылы ашылған шаңырақ он жылдан астам уақыт көлемінде жүздеген шәкірт тәрбиелеп, үкілеп үлкен топқа қосқан. Тәлім алған түлектер бүгінде елге қызмет етіп келеді. Осы күні 1-11 сынып арасында 570 оқушы білім алады. Мектепалды сыныпта 44 оқушы бар. Ал білім сапасы – 62 пайызды көрсетіп отыр.

«Мектепте 79 мұғалім қызмет етеді. Оның 77-сінің білімі жоғары, қалғаны орта білімді. Педагог-зерттеуші – 9, педагог-сарапшы – 30, педагог-модератор – 29, педагог  – 11. «Алтын белгі», үздік аттестат  белгісін алған мектеп бітірушілер саны үшеу.  ҰБТ нәтижесі – 89 пайыздан асты. Оның жартысынан жуығы грант иегері атанды. Соңғы он жылда мектебіміз көптеген жетістіктерге жетті. Шәкірттеріміз түрлі республикалық байқаулардан жүлделі оралып жүр», дейді мектеп директоры Инна Кан.

Жалпы аталған байқау елді мекендегі білім шаңырақтарының жеткен жетістіктерін саралай отырып, білім беру бағытына серпіліс береді. Оқу-әдістемелік жұмыстарын ескере отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетіне де назар салады. Мәселен, республикалық Мағжан оқуларына арналған «Мен жастарға сенемін» олипиадасында 6 сынып оқушысы  Милана Григорьева І орынға ие болған.

«Жастардың өнерге құлшынысын оятатын алдымен ұстаздар. Біздің мектептің мұғалімдері шәкірттері үшін жан аямай еңбектеніп келеді. Мен қазақ тілін жетік білемін. Ол алдымен ұстаздарымның арқасы. «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Мен жастарға сенемін» деп жырлаған Мағжан атамдай елдің үмітін ақтауға тырысамын», дейді М.Григорьева.

Айта кетейік, аталған білім ордасы Астана қаласында өткен Оқу-ағарту министрлігінің  «Ауыл мектеп – сапа аланы» жобасы аясында  «Тиімді ауыл мектебі» атанған. Одан бөлек мектеп директоры Инна Кан «Іскер менеджер» номинациясымен марапатталған.

Мұхтар Күмісбек

Қатысты жаңалықтар

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

13.05.2025
Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

13.05.2025
Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

13.05.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

13.05.2025
Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

13.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.