Талдықорған: +14°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«АУЫЛДА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖОҚ»: ЗАҒИПА БАЛИЕВА ҚАРАСАЙЛЫҚТАРДЫҢ ӨТІНІШІН ТЫҢДАДЫ

12 қаңтар 2020
КҮНДЕРЕК
"АУЫЛДА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖОҚ": ЗАҒИПА БАЛИЕВА ҚАРАСАЙЛЫҚТАРДЫҢ ӨТІНІШІН ТЫҢДАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа БАЛИЕВА Қарасай ауданына жасаған жұмыс сапарында аудан әкімі Жандарбек ДАЛАБАЕВПЕН бірге Қаскелең топтама су жүйесі кешенінде болып, көпбалалы аналарға пәтер кілтін табыстап, Шамалған ауылында жұртшылықпен жүздесті.

Зағипа Яхияқызы Қарасай ауданының елді мекендерін таза әрі сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған Қаскелең топтама  су жүйесінің құрылысын бастауға үлкен еңбек сіңірген болатын. Сондықтан, маңызды нысанға келген кезінде кешеннің жұмыс принципімен, суды тазалау тәсілімен, елді мекендерге құбыр арқылы жеткізу мәселесімен жете танысты.

Депутат ары қарайғы сапарын Шамалған ауылында жалғап, өткен жылдың желтоқсан айында ашылған сервистік әкімдікте болды. Жаңа құрылымның жұмысына назар аударды. Бұл жерде ауылдық округтің әкімі Ержас Тоқтасынов пен әкімдік қызметкерлері мәртебелі мейманға жан-жақты анықтама берді. Электронды үкімет бағдарламасына орай сервистік әкімдікте барлық жұмыстар электронды жүйе бойынша жүзеге асырылады. Ауыл тұрғындарын қабылдап отырған мекеме мамандары оларға атаулы әлеуметтік көмек (АСП), бірыңғай жиынтық төлем (ЕСП) және басқа да толғақты мәселелер жөнінде түсініктеме беріп, құжаттарын рәсімдеуге көмектеседі. Ғимаратта қызмет көрсету залынан басқа мамандар отыратын бөлмелер, ардагерлер кеңесінің кеңсесі, сәбилер ойнайтын орын және азаматтардың онлайн-режимде аудан басшыларымен сөйлесуіне мүмкіндік беретін бұрыш та жабдықталған.

Депутатпен кездесуге келген Шамалған ауылының тұрғыны, жалғызбасты ана Үмітхан Исабаеваның талап-тілегін тыңдаған Зағипа Яхияқызы атаулы әлеуметтік көмек пен медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіріп, әкімдік мамандарына анаға көмек көрсетуді өтінді.

Бұдан соң сервистік әкімдіктің залында тұрғындармен кездесу өткізген халық қалаулысы Парламент деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтса, аудан әкімі Жандарбек Далабаев өңірдегі іргелі істер жөнінде баяндады. Заң шығарушы биліктің жұмысы, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған 20 бағдарлама, Президенттің халыққа Жолдауында белгіленген Еріктілер жылы жайында келелі әңгіме өткізіліп, тұрғындардың сұрақтарына жан-жақты жауап қайтарылды.

Кездесу барысында көтерілген мәселелердің көпшілігі әлеуметтік бағытта болғанын айту керек. Мысалы, «Үшқоңыр» денешынықтыру-сауықтыру кешенінің жанынан дарынды балаларға арналған интернат салу, Бекболат ауылындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізіп, қосымша жапсаржай тұрғызу, ауылдағы фельдшерлік-акушерлік бөлімнің ғимаратын кеңейту, Бекболат және Жандосов елді мекендерінде Мәдениет үйінің жоқтығы әңгіме өзегіне айналды. Осы және өзге де мәселелерді мұқият тыңдаған Зағипа Балиева айтылған жайларды назарда ұстап, болашақта көмек беруге күш салатынын жеткізді.

Қ. ӘБІЛ

Қарасай ауданы

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

Бүгін, 18:37
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Бүгін, 18:30
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Бүгін, 17:33
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

Бүгін, 17:08
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

Бүгін, 16:50

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.