Талдықорған: +27°C
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қаз өсірген аяулы жан

09.03.2025
КҮНДЕРЕК
Қаз өсірген аяулы жан
WhatsAppTelegramFacebook

«Құс өсірсең, қаз өсір – табысы оның көл-көсір». Қазы несі? Сөге көрмеңіз, мақалдың түрленгені де жақсы. «Қой» орнына «қазды» қолдануымыздың өз мәні бар. Ескелді ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында Роза Өрікбаева есімді кәсіпкер бар. Әдетте әйелдер қауымы кәсіп те сән, алып-сату, тігін сынды саланы таңдайды ғой. Роза тыңнан түрен салып отыр. Ол – қаз өсіреді. Қаздан көл-көсір табыс тауып отыр.

Нәзікжанды кәсіпкер бұл салаға төтеннен келген жоқ. Кәсіп ашар жан басталар істі жан-жақты сараптайды емес пе?! Табысқа жету үшін, әрине, шығынға батпас үшін. Роза Өрікбаева да кәсібін бастамас бұрын ойын саралаған. Ауданда құс шаруашылығына сұраныс көп. Әсіресе, қазға. Қаз еті мен жұмыртқасын өндіретіндер аудан түгіл, сол ауданға жақын орналасқан Талдықорған қаласында өте аз. Мұны басты назарда ұстаған әйел-кәсіпкер 1 млн. 476 мың теңге грант иемденіп, тірлік етуге көшеді. 

Біз суреттеп отырған кейіпкердің ауласында тап қазір 200-ден астам құс бар. Қаз, үйрек, тауық һәм түйетауық. Оның өзінде етті құс тұқымдарынан. Ал, мұндай құстың арзан тұрмасы белгілі. Айтпақшы, қазір Роза Өрікбаева құс басын көбейтуге көшкен. Төрт инкубаторы іске қосылып, 400 жұмыртқа салған. Денінде губернатор тұқымды қаздың жұмыртқасы.

– Қазір құс саны азайды. Қыс бойы қаз етіне сұраныс жоғары болды. Губернатор – жоғары өнім беретін қаз тұқымы. Әрі балапандары да тез ширайды, өлім-жітімі де аз. Бұл тұқым жылдам салмақ жинайды. Шамамен таза еті 6-8 келі шамасында. Жұмыртқасын инкубаторға салуға сұрайтындар да бар. Ол үшін қан араластырмас үшін аталық қаздарды сатып әкелдім. Өзім де инкубатор бастыруға көштім. Былтыр 3 инкубатор бар еді, биыл тағы біреуін сатып алдым, – дейді кәсіпкер.

«Гауһар» құс шаруашылығында түйетауықтар да бар. Ет бағытындағы Бронза-708 және Биг-6, Хайбрид конвектор тұқымдары. Түйетауық қоразының салмағы 20-25 келі аралығында. Ал аналықтары 15 келіден жоғары ет береді. Олардың да еті мен жұмыртқасына сұраныс жоғары екен. Әсіресе, қысқы мерекелерде кәсіпкер өнімді даярлап үлгермейді. Себебі түйе- тауық  еті гипоаллергенді, майсыз әрі құнарлы келеді. 

Роза Өрікбаева ауласынан әр құсқа ыңғайлы жағдай жасап қойған. Қаз бен үйрек шомылатын көлшік, түйетауық пен тауыққа майсалы жайылым жер, әр құсқа ыңғайлы жылы қора. Осының бәрін кейіпкеріміз өзі игеруде. Құрылысты да өзі жүргізеді. Кейіпкеріміз талайға үлгі боларлық азаматша. Бұлай деуге толық негіз бар. Себебі, мүмкіндігі шектеулі, ІІІ топ мүгедегі әрі жалғызбасты аяулы жан. Оның үстіне ауылшаруашылығында кәсіп бастаған әйел. Мемлекеттен «маған ананы бер, мынаны бер, көмек бер» демейді. Қажырлы нәзікжанды. Ерге бергісіз қайратты.

– Қазақ аналары, арулары қашанда қайратты. Бұрын жауға да ерлермен иін тіресіп қарсы тұрған. Қазір бейбіт заман. Дейтұрғанмен, әйелдер де қарап жатпауы керек. Ерлердің иініне мініп, «маған анау керек, мынау керек» деуге болмайды. Қарекет ету қажет. Осындай оймен басталған кәсіптің жемісін жеп отырмыз. Бастысы, ерлермен иін тірескенмен орнына таласпаймыз, – дейді күлімдеген аяулы кәсіпкер. 

Роза Өрікбаева бір қолымен бесік, бір қолымен әлемді тербеткен қазақ аналарының қандай екенін айшықтайды. Оның еңбекпен өткен әрбір күнінен кез келген адам үлгі алуы тиіс. Мереке мезіретінде аяулы ару кәсіпкерімізге біз де бар жақсылықты тілейміз.

Дастанбек САДЫҚ
Ескелді ауданы

Қатысты жаңалықтар

Үздік футболшы, қамқор әке

Үздік футболшы, қамқор әке

16.08.2026
Ем іздеп, кәсіп ашқан жан

Ем іздеп, кәсіп ашқан жан

16.08.2026
Қиындыдан құндылық жасаған шебер

Қиындыдан құндылық жасаған шебер

16.08.2026
Бір жәрмеңке – сан түрлі өнер

Бір жәрмеңке – сан түрлі өнер

16.08.2026
Жетісудың киносы елордалықтардың назарында

Жетісудың киносы елордалықтардың назарында

16.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.