Талдықорған: -2°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КОНТЕНТКЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ АРТТЫ

14 наурыз 2023
КҮНДЕРЕК
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КОНТЕНТКЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ АРТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Еуразия» бірінші арнасы ақпан айының телеарналар рейтингін сенімді түрде бастап келеді.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында Ұлттық медиа қауымдастығының басшысы Кемелбек Ойшыбаев жазды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы baq.kz дерегіне сүйеніп. 

КТК екінші орында. Ал НТК үшінші орынға қайта оралды, өткен жылдың ортасынан бері «Қазақстан» телеарнасын алдына шығарып төртінші орында келетін. 

Бұл Ұлттық медиа қауымдастығының дәстүрлі түрде ай сайын жариялайтын телеарналардың және теле-өнімдердің рейтингтерінің қорытындысы. Ескерте кету қерек, бұл рейтинг ірі қалаларда өлшенеді, 6 және одан жоғары жастағы адамдардың медиа қалауын зерттейді.

Үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларының рейтингін ұлттық арнаның «Апта» сараптамалық бағдарламасы бастап келеді. Бұл бағдарлама қаңтар айында көшбасшы болған КТК-ның әйгілі «Портрет недели» бағдарламасын екінші орынға жылжытты. Екінші ай қатарынан топтардың арасында келе жатқан 31 арнаның «Сөздің шыны керек» бағдарламасы үшінші орынды иеленді. Үздік бестікке «Астана» телеарнасының «Sarap times» және «Хабар» агенттігінің «7 күн» бағдарламаларыда да кірді, екеуіде қазақ тілінде, — деп жазды Кемелбек Ойшыбаев.

Үздік танымдық бағдарламалардың арасында көшбасшылықты «Қазақстан» телеарнасының «1001 түн» және «Ауылдастар» жобалары сақтап қалды. 

Сондай-ақ рейтингте үшінші орын алған КТК телеарнасының қызықты жаңа «Айран» жобасын атап өткім келеді. Жалпы «Қазақстан» арнасының бағдарламалары бұл рейтингтің алғашқы ондығының ішінде бес орынды алып отыр, бұл мемлекеттік телеарнаның тәрбиелік бағытқа аса мән беретінін көрсетеді.

Отандық сериалдарының ішінде «Қазақстан» телеарнасының «Сезім толқыны» және «Жат бауыр» сериалдары көш бастап келеді. Рейтингтің үшінші орнын «Сержан братан» сериалымен Жетінші арна иеленді, бұл сериалды Salem Social Media шығарған болатын.

Көркем фильмдер арасында рейтингтің алғашқы үштігін «Қазақстан» телеарнасында көрсетілетін Қазақстандық фильмдері иеленді: «Где мое кольцо? Или операция гүлдер», «Анаға апарар жол» және «Әли».

Жалпы, рейтингтік бағдарламалар мен фильмдерді талдау қазақ тіліндегі контентке деген үлкен қызығушылықты көрсетеді. Үздік теле-өнімдерінің арасында 75 проценттен астамы қазақтілді жобалар, — деп жазды ол.

Фото: ашық дереккөзден

«ЖЕТІСУ» АҚПАРАТ

Қатысты жаңалықтар

Елдіктің жаңа кезеңі

Елдіктің жаңа кезеңі

25 қазан 2026
Аманатқа адалдық

Аманатқа адалдық

25 қазан 2026
Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

25 қазан 2026
Тамыры терең Тәуелсіздік

Тамыры терең Тәуелсіздік

25 қазан 2026
Табысқа толы 9 ай

Табысқа толы 9 ай

25 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.