Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпанға дейін Қазақстан аумағында 13 072 шетелдік азамат жұмыс істеуге рұқсат алғанын мәлімдеді.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тарту үдерісі белгілі бір квота мен рұқсаттарға негізделеді.
Шетелдік жұмыс күшінің санаттары:
- 568 адам – бірінші санат (басшылар мен олардың орынбасарлары).
- 2 528 адам – екінші санат (құрылымдық бөлімшелердің басшылары).
- 4 787 адам – үшінші санат (мамандар).
- 987 адам – төртінші санат (білікті жұмысшылар).
- 672 адам – маусымдық жұмыстарға тартылған.
- 3 530 адам – корпоративтік ауыстыру аясында келгендер.
Сала бойынша ең көп шетелдік мамандар жұмыс істейтін бағыттар:
- Құрылыс – 5 343 адам.
- Тау-кен өнеркәсібі және карьер қазу – 1 360 адам.
- Өңдеу өнеркәсібі – 1 338 адам.
- Әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 089 адам.
- Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 688 адам.
Шетелдік жұмыс күшінің негізгі шығу елдері:
- Қытай – 4 778 адам.
- Түркия – 1 158 адам.
- Үндістан – 1 121 адам.
- Өзбекстан – 623 адам.
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартатын 1 710 жұмыс беруші бар. Бұл компанияларда жалпы 383,1 мыңнан астам қазақстандық азамат жұмыс істейді, яғни жалпы қызметкерлердің 96,6%-ы – жергілікті мамандар. Ішкі еңбек нарығын қорғау үшін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын шетелдік мамандарға квота белгілейді. 2025 жылы бұл квота жалпы жұмыс күшінің 0,2%-ын немесе 14,8 мың адам болды.
Фото: pixabay.com





