Талдықорған: +20°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЯРЛЫҚТЫҢ ҚАРҚЫНЫ ТӨМЕНДЕМЕЙДІ

04.02.2021
КҮНДЕРЕК
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЯРЛЫҚТЫҢ ҚАРҚЫНЫ ТӨМЕНДЕМЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қорғаныс министрлігінде аппарат кеңесі өтті. Онда пандемия жағдайында взводтардың жауынгерлік даярлығын ұйымдастыруда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, сондай-ақ, ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелеріндегі өрт қауіпсіздігін бақылау жөнінде нұсқаулар берілді. Бұл туралы «Жетісу» газеті Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Өткен аптада Қарулы Күштерде COVID-19 жұқтырғандар саны 13 жағдайға төмендеді, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ҚР ҚК ПТР-зертханалары 696 талдама жүргізді. Айта кету керек, есептілік кезеңде әскерде коронавирус инфекциясын жаппай жұқтыру фактілері тіркелген жоқ.

Қарулы Күштерде биылғы жылдың қаңтар айы бойы өткен бөлімшелерді үйлестіруге қатысты өткізілген шаралар жалпы «жақсы» деп бағаланып, аяқталды. Пандемияға қарамастан әскери даярлықтың қарқындылығы төмендеген жоқ, сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталды.

Ақпан айының 1-нен бастап әскерлер взводтардың даярлығына кірісті. ҚР Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев жауынгерлік даярлықтың қарқындылығын төмендетпей, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтай отырып, әскер түрлерінің бас қолбасшысы мен өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшыларына нұсқау берді.

Практикалық сабақтарды рұқсат етілген температура режимін ескере отырып, тек таза ауада өткізу, сондай-ақ «қызыл» аймақтарда әлеуметтік ара қашықтықты сақтау мен бөлімшелер арасындағы байланысты қатаң бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Взводтарды үйлестіру барысында командирлер бағыныстылардың жауынгерлік іс-қимылдарын тұрақты басқаруды үйретуге, сондай-ақ жергілікті соғыстар мен қарулы қақтығыстардағы жауынгерлік іс-қимылдар тәжірибесіне сүйене отырып, күндізгі және түнгі жағдайларда бөлімшелердің жауынгерлік атыстарын жүргізуге ерекше назар аударуы айтылды.

Аппарат кеңесінде Қорғаныс министрі Төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильинмен жақында болған кездесудің қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырманы іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Атап айтқанда, Қорғаныс министрлігіне ҚР ҚК әскери бөлімдері мен мекемелерінің аумағында өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган қызметтерін беру мәселесін пысықтауды тапсырды.

— Өртке қарсы қауіпсіздік – Қарулы Күштердің қауіпсіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі. Барлық кемшіліктерді қысқа мерзімде жою қажет, ал осы іс-шараларды қаржыландыруға басымдық берілуі тиіс, — деп атап өтті Қорғаныс министрі.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Табиғи  өнім, тәтті тосап

Табиғи өнім, тәтті тосап

13.06.2026
Мүмкіндігі көп қала

Мүмкіндігі көп қала

13.06.2026
Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

13.06.2026
Жазғы туризм қалай жанданады?

Жазғы туризм қалай жанданады?

13.06.2026
Басты байлық – денсаулық

Басты байлық – денсаулық

13.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.