Талдықорған: +17°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстандықтар жылына небәрі 65 сағатын кітап оқуға арнайды — депутат

05.03.2025
КҮНДЕРЕК
Қазақстандықтар жылына небәрі 65 сағатын кітап оқуға арнайды - депутат

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұрсұлтан Байтілесов Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа депутаттық сауал жолдап, елімізде кітап оқуға бөлінетін уақыттың аздығын және оқу дағдарысы орын алып жатқанын атап өтті.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы  Egemen.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

«Қазақстандықтар жылына небәрі 65 сағатты ғана кітап оқуға арнайды. Бұл көрсеткіш басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Мысалы, Қытайда бұл көрсеткіш – 154 сағат, Жапонияда – 135 сағат, Оңтүстік Кореяда – 125 сағат. Кітап оқу – мәдениеттің кілті, өркениеттің өзегі! Осы мәселені мемлекеттік деңгейде көтеретін уақыт жетті», деді Нұрсұлтан Байтілесов.

Оның айтуынша, 2021 жылы жүргізілген PIRLS халықаралық зерттеуінің қорытындысы бойынша, қазақстандық оқушылардың оқу сауаттылығы 2016 жылмен салыстырғанда 32 балға төмендеген.

«Цифрлық дәуірдің дамуы кітап оқуға деген көзқарасты өзгертті. Интернет пен әлеуметтік желілер қысқа форматтағы контентті тұтынуға итермелеп, терең оқуға уақыт бөлуді азайтып жіберді. Нәтижесінде, адамдар интернеттегі мәтінді орта есеппен 55 секунд қана оқиды. Бұл оқудың адам санасына беретін артықшылықтарын толық пайдалануға мүмкіндік бермейді», деді депутат.

Депутат басқа елдердің оқу тәжірибесін мысалға келтіріп, АҚШ пен Еуропадағы университеттерде студенттерге міндетті түрде кітап оқу талабы қойылатынын атап өтті. Сондай-ақ ата-аналардың кітап оқуға деген ынтасының балалардың оқу үлгеріміне тікелей әсер ететінін айтты.

«Ересектерге келетін болсақ. Ата-аналардың кітап оқуға деген көзқарасы балалардың кітап оқуға деген ынтасы мен оқу үлгерімін арттыруға байланысы бар екені анықталған. Жоғарыда атап өткен PIRLS-2021 зерттеуіне сәйкес Ересектердің оқығанын көрген балалар да сондай әдет қалыптастырады. Қазақстанда ата-аналары кітап оқуды жақсы көретін оқушылардың үлесі (17%) әлем бойынша орташа көрсеткіштен (31%) екі есе дерлік аз. Ал PIRLS-2016-мен салыстырғанда бұл көрсеткіш 9%-ға төмендеді», деді Н.Байтілесов.

Осыған байланысты, Нұрсұлтан Байтілесов кітап оқу мәдениетін дамыту үшін келесі шараларды ұсынды:

  1. Барлық оқу мекемелерінде ғылыми негізделген оқу әдістерін енгізіп, кітап оқудың тиімді тәсілдерін жасайтын ресурстарды пайдалану;
  2. Республикалық және аймақтық деңгейде тұрақты түрде кітап оқу сағаттары мен апталықтарын ұйымдастырып, халықтың назарын кітап оқуға аудару;
  3. Жергілікті әкімдіктердің тұрғындар арасында оқу сайыстары мен түрлі байқаулар өткізуін қамтамасыз ету.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыру керек» деп атап өтті. Біз осы бағытта нақты шараларды қолға алуымыз қажет», деді депутат.

Сонымен қатар депутат Ұлы Абайдың «Артық ғылым кітапта, Ерінбе оны оқып көруге» деген сөзін еске салып, мемлекет деңгейінде кітап оқуды дәріптеу қажеттігін баса айтты.

Фото: baq.kz 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.