Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

“Қазақтелеком” еліміздегі 531 мектепті GPON технологиясы бойынша интернетке қоспақ

20.02.2025
КҮНДЕРЕК
“Қазақтелеком” еліміздегі 531 мектепті GPON технологиясы бойынша интернетке қоспақ

«Қазақтелеком” компаниясы республикадағы 531 мектепті GPON технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты интернетке қосуды жоспарлап отыр. Бұл білім беру мекемелерін цифрландырудың және мектептердегі интернет байланысының сапасын арттырудың келесі кезеңі болмақ.

2024 жылы “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы бойынша 217 мектеп құрылысының бірінші кезеңі аясында 104 оқу орны пайдалануға берілді. Олардың көпшілігінде Қазақтелеком талшықты-оптикалық байланыс желілерін салып, жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етті. Жалпы, бүгінде 7 866 мектептің 4 000-ға жуығы компанияның қызметімен қамтылған. Өткен жылы шамамен 240 шақырым талшықты-оптикалық желілер салынған, бұл 374 мектепті қосуға мүмкіндік берді. 2025 жылы тағы 300 шақырым талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу және 531 білім беру мекемесін қосу жоспарланған.

“Білім берудің қауіпсіздігі мен сапасы — қоғамның табысты дамуының іргелі қағидасы. Қазақтелеком білім беру мекемелерін цифрландыруға бағытталған стратегиялық маңызды бастамаларды іске асыруды жалғастыруда. Біз бұлтты бейнебақылауды қоса алғанда, заманауи технологияларды енгізе отырып, жергілікті атқарушы органдармен белсенді байланыстамыз“, – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесі, корпоративтік бизнес жөніндегі дивизионның бас директоры Әлібек Ындықбаев.

Компанияның 2024 жылғы маңызды бастамасы «Мемлекеттік-жекеменшік — әріптестік 1.0» жобасы шеңберінде ауылдық мектептерде интернет-қосылу жылдамдығын едәуір арттыру болды. 891 оқу орнында қолжетімділік жылдамдығы 5 есеге — 10 Мбит/с-тан 50Мбит/с-қа дейін ұлғайтылды. Бұл қашықтықтан оқыту мен онлайн білім беру қызметтерінің сапасын айтарлықтай арттырды.

Интернет-инфрақұрылымды цифрландырудан басқа, өткен жылы Атырау және Қарағанды облыстарының мектептерінде бұлтты бейнебақылау бойынша ауқымды жоба іске асырылды. Екі өңірдің 300 оқу орнында білім беру міндеттеріне бейімделген 4,5 мыңнан астам камера орнатылған.

Сонымен қатар Қазақтелеком цифрландыру мүмкіндіктерін кеңейте отырып, білім беру мекемелері үшін Smart-шешімдерді белсенді дамытуда.

Алматы облысының Атырау, Қонаев және Арна ауылының оқу орындарында Аqyldy mektep пилоттық жобасы — трафик сүзгісі бар интернет, Wi-Fi жабыны, жасанды интеллект базасындағы бейне аналитика платформасы және дабыл түймесі бар кешенді шешім іске асырылуда.

«Әрбір байланыс тек технологиялық қадам ғана емес, сонымен қатар болашақ ұрпаққа қосқан үлес. Біз 21-ғасырда цифрландыру тиімді білім беру процесінің негізгі құрамдас бөлігі екенін түсінеміз. Біз осы маңызды өзгерістің бір бөлігі бола алатынымызды мақтан тұтамыз», – деді «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Арнұр Нұрқатов.

Компания мектептерге заманауи технологияларға қолжеткізуді қамтамасыз ете отырып, қауіпсіздік деңгейін арттырып, сондай-ақ жаңа буынды оқыту үшін жағдайларды жақсартып, білім беру мекемелерін цифрландыру бойынша жұмысты жалғастырмақ.

Дереккөз және фото:  stan.kz

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.