Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақтың келіндері-ай!

24.03.2025
КҮНДЕРЕК
Қазақтың келіндері-ай!

Қазаққа келін болған өзге ұлт өкілдері өңір-өңірде баршылық. Қаншама шаңырақтың отын өшірмей түтінін түтетіп, ауыл-елдің ынтымағын ойлап, ырысын тасытып жүрген аяулы жандар жөнінде ести қалсақ елең етісіп, ішіміз жылып қалатыны бар. Олар қазақ халқына деген махаббатынан, ақ-еділ көңілінен бақ тауып отырғандарын үнемі айтып та келеді. Бастысы, ұлттық құндылықтардың өміршең болуына айтарлықтай атсалысып, үлес қосқаны қуандырады. 

Лариса Әмрееваның Ескелді ауданына қарасты Алдабергенов ауылына келін болып түскеніне 30 жылдан астам уақыт өткен. Жолдасы Әбдікәрім Сыдықұлымен өмірдің ыстық-суығын, қуаныш-қайғысын қатар өткеріп келе жатқан жайлары бар. Олар өздерінің жеке шаруа қожалығында жер жыртып, егін егіп, мал өсірумен айналысады. Құдайдан өзгеге қол жайып көрмеген ауыл тұрғындары нәпақасын төккен тер мен еткен еңбектен іздейді.

Лариса қазақы салт-жоралғыға берік жан. Ырым-тыйымды қатаң сақтап, замандастарына, өзінен кейінгіге құлаққағыс қылып үйретіп жүреді. Оның қолынан дәм татқан көрші-қолаң, туыс-таныстары мақтауын асырып, алғысын айтып кететін көрінеді. Ауылда орыс қызының наурызкөжесінен ауыз тимегендер жоқ та шығар бұл күні.

– Көп дүниені келін болып түскеннен кейін үйрендім. Қазақ отбасыларының арасында жүріп әуелі тілді меңгердім. Әрмен қарай бәрі оңайлай берді. Наурызкөже халқымыздың қадірлі асы ғой. 15 жылдан бері жыл сайын жасап келемін. Көршілерім де, мектеп оқушылары да, ауылдастарым да дәм татты. Наурызкөже жасау үшін алдымен сүр етті бөлек қайнату керек. Себебі, ол ұзақ піседі. Егер қазы болса, оны да қосқан дұрыс. Піскен етті сүзіп алып, суыған соң турап қоямыз. Артынша ақ жүгеріні еттен кейінгі ұзақ пісетін дақыл ретінде бірінші қайнатамыз. Сары жүгеріні бөлек пісіріп алған жөн. Ал бидайды соңынан қайнатады, оған 30 минуттай уақыт кетеді. Соңында піскен дәндер мен етті бір қазанға біріктіріп, тағы 15 минуттай қайнатамыз. Мұнда басты назар аударатын жайт – дәндер езіліп кетпеуі керек. Көже дайын болған соң оны сәл суытып, үстіне қатық құямыз. Кейбіреулер қайнаған суда езілген құртты қосады. Жүгері мен бидай тағамға ерекше дәм беріп қана қоймай, оның құнарын арттырады, яғни адам күні бойы тоқ жүреді. Наурызкөжеге қосылатын бұл жеті дәм – молшылықтың, тоқшылықтың, байлықтың, бақ пен берекенің белгісі саналады, – дейді Лариса Дмитрийқызы.

Кейіпкеріміздің қазақшаға судай екенін сөйлегенінен-ақ аңғардық. Небір көнерген сөздерді тұрмыс-тіршілігінде әлі де қолданып жүргені тәнті етті. 1 ұл, 3 қызды дүниеге әкелген асыл анаға біз де риясыз риза болыстық. 

Медет ЖҰМАБАЙ
 

Қатысты жаңалықтар

Білімім – отаныма

Білімім – отаныма

25.05.2025
12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.