Текелі қаласының тұрғыны, ауыр атлетикадан белгілі жаттықтырушы, Азия ойындарының чемпионы Анатолий Савельев референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Спортшы дауыс беріп, ел болашағына бейжай қарамайтын азамат ретінде маңызды саяси науқанға белсенді түрде атсалысты.
Анатолий Савельевтің айтуынша, референдум – ел тағдырына қатысты маңызды шешім қабылданатын тарихи кезең. Сондықтан әрбір азамат өз азаматтық борышын орындап, дауыс беру арқылы мемлекет дамуына үлес қосуы қажет. Саяси шараның маңызына тоқталған чемпион:
«Біз болашақ ұрпақ үшін жауаптымыз. Сондықтан еліміздің дамуына әсер ететін маңызды бастамаларға бейжай қарамауымыз қажет», – пікір білдірді.
Танымал спортшы әрі жаттықтырушы ретінде ол жастарға әрдайым үлгі болып келеді. Тәжірибелі маманның пайымдауынша, елдің дамуы мен тұрақтылығы әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Осы себепті ол қала тұрғындарын да референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.





