Талдықорған: +35°C
$ 470.28
€ 537.53
₽ 5.99
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бабадан қалған мұра

21.07.2026
КҮНДЕРЕК
Бабадан қалған мұра

Дмитрий Ерофеев

WhatsAppTelegramFacebook

«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» деген дана халқымыз. Туған жердің топырағын аялап, табиғаттың тұмса келбетін сақтау – әрбір азаматтың перзенттік парызы. Бүгінде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы осы ізгі ұстанымды ел санасына сіңіріп, қоғамды ортақ іске жұмылдыруда. Жетісу аймағында да бұл бастама кең өріс алып, табиғатты қорғауға бағытталған тағылымды шаралар легі толастар емес.

Солардың бірі – «Jetіsу jastary» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйытқы болуымен Сарқан ауданының Лепсі ауылында ұйымдастырылған «EcoRace» экологиялық акциясы. Табиғатқа жанашырлықты дәріптеген игі бастама жастардың белсенділігін арттырып қана қоймай, демалыс аймақтарының тазалығын сақтауға да сүбелі үлес қосты.

Шара екі бағытта ұйымдастырылды. Алғашқы локация Көлтабан ауылына бұрылатын тұста бастау алса, мәрелік кезең Лепсі ауылындағы полиция пунктінің жанында өтті. Арнайы белгіленген орында қатысушыларға акцияның мәні мен мақсаты түсіндіріліп, қоршаған ортаны қорғау – баршаға ортақ міндет екені айтылды. Кейін еріктілерге қолғаптар мен қоқыс жинауға арналған арнайы қаптар салынған сыйлық жиынтықтары таратылды.

Одан әрі қатысушылар белгіленген бағытпен қозғалып, жол жиегі мен көл жағалауындағы бей-берекет шашылған тұрмыстық қалдықтарды жинап, оларды мәрелік нүктеге жеткізіп тапсырды. Осылайша, табиғаттың көркін кетірген қоқыстар тазартылып, көпшілікке экологиялық мәдениеттің жарқын үлгісі көрсетілді.

Акцияның басты ерекшелігі – тұрғындарды тазалыққа үндеудің өзгеше тәсілі болды. Балқаш көліне демалуға бет алған 50-ге жуық автокөлік тоқтатылды. Көліктердегі тұрмыстық қалдықтар қабылданып, оның орнына естелік сыйлықтар үлестірілді. Табиғатқа тасталуы мүмкін қоқыстың орнына игі іс ұсынылып, жұртшылықтың экологиялық жауапкершілігін арттыруға басымдық берілді. Бұл жұмыстардың барлығы 20 еріктінің белсенді еңбегімен жүзеге асты.

Аталған бастама табиғатты қорғау бір күндік науқан еместігін, оның әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы қажет екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қоршаған ортаға қамқорлық таныту, демалыс орындарының тазалығын сақтау, туған өлкенің табиғатына жанашырлықпен қарау – өркениетті қоғамның басты белгілерінің бірі. «Таза Қазақстан» акциясы да осы асыл мұратты жүзеге асыруды көздейді.

Осы орайда «Jetіsу jastary» КММ ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Әділет Алмекеев акцияның маңызына тоқталды.

– Балқаш көліне келген демалушылар қоқысты табиғатқа тастамай, бізге өткізіп, сыйлыққа ие болды. Мұндай бастаманың басты мақсаты – халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Себебі тазалық әркімнің өзінен басталады. Бұл жұмысқа 20 ерікті жұмылдырылып, туған жердің тазалығы үшін аянбай еңбек етті, – дейді Әділет Ерғұланұлы.

Табиғат – бабадан қалған мұра, келер ұрпаққа табыстар аманат. Оның әр бұлағы мен құрағы, бір уыс топырағы мен жапырағы көздің қарашығындай қорғалуға тиіс. Осындай тағылымы мол бастамалар көбейген сайын қоғамның экологиялық мәдениеті де жаңа белеске көтеріледі. Өйткені туған жердің тазалығы – әр азаматтың ар-ожданы мен елге деген жанашырлығының өлшемі.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Сарқандық спортшылар Азия чемпионатында жүлделі болды

Сарқандық спортшылар Азия чемпионатында жүлделі болды

21.07.2026
Отандық автобус бренді пайда болады

Отандық автобус бренді пайда болады

21.07.2026
Дербес деректерді қорғау талаптары күшейеді

Дербес деректерді қорғау талаптары күшейеді

21.07.2026
Қазақстан 190 мың автокөлік шығаруды жоспарлап отыр

Қазақстан 190 мың автокөлік шығаруды жоспарлап отыр

21.07.2026
1 қыркүйектен бастап Қазақстанда көліктерді елге заңсыз әкелуге тосқауыл қойылады

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда көліктерді елге заңсыз әкелуге тосқауыл қойылады

21.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.