Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Балалар демалысы – тек ойын-сауық емес, қауіпсіздік те қажет

Сенатор Талғат Жүнісов оқушылардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыруға кедергі келтіретін жүйелі проблемалар туралы мәлімдеме жасады.

29 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Балалар демалысы – тек ойын-сауық емес, қауіпсіздік те қажет

7-su.kz/ Аяулым Шынгаева

WhatsAppTelegramFacebook

Айтуынша, биыл 3,2 млн-нан астам оқушының жазғы демалысын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл жалпы балалар санының 92%-ын құрайды. Жыл бойы, маусымдық, шатырлы және киіз үй лагерлері жұмыс істейтін болады. Дегенмен ауқымды жоспарға қарамастан, жүйелі мәселелер әлі де бар.

Сенатор мемлекеттік сатып алу кезінде демпингтің теріс тәжірибесіне назар аударды. Өйткені, тендерде өз инфрақұрылымы жоқ кәсіпкерлер жеңіп шығады және төмен баға ұсынады, нәтижесінде балаларға сапалы және қауіпсіз демалысты қамтамасыз ете алмайды.

Балаларға арналған жолдаманы жалпыға бірдей білім беру қорының қаржысынан сатып алу процесі Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асады және қызмет көрсету сапасы мен балалардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін бірқатар күрделі проблемаға тап болады. Ал бұл өзінде балалар лагері, инфрақұрылымы және материалдық-техникалық базасы жоқ кәсіпкерлер тарапынан жолдама құнына жасалған жүйелі демпинг болып отыр. Ондай субъектілер тендерге қатыса отырып, сапалы сауықтыру қызметінің нақты құнын ескермейді, конкурста жеңіске жету үшін ең төменгі бағаны ұсынады және қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған балалар лагерінде орынды жалға алады немесе балаларға уәде етілген жағдайды мүлдем қамтамасыз ете алмайды, — деді Талғат Жүнісов.

Депутат балалар лагерьлерінде медициналық қызмет көрсетуге лицензия алу мемлекеттік органдардың шамадан тыс талаптары салдарынан қиындады деп отыр. Сондай-ақ бұған медициналық кабинеттерді жарақтандыруда бірыңғай ереженің болмауы да ықпал ектен.

Ол балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіреді. Сондай-ақ ата-аналар мен лагерьлер арасында тараптардың жауапкершілігін төмендететін және балалардың құқықтарын бұзатын үлгі шарт жоқ.

Халықтың әлеуметтік осал топтары санаты үшін білім бөлімдері жанында жолдама бөлу жөніндегі комиссияның болу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Қала сыртындағы лагерьлердің медициналық кабинеттерінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге лицензия алу алгоритмін қайта қарау жөнінде шаралар қабылдау керек. Ата-аналар мен балалар лагері арасында оқушылар демалысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке арналған бірыңғай үлгі шартты әзірлеу және бекіту керек. Педагогикалық топтардың қызметіне қойылатын бірыңғай талаптар бекітілсін және Қазақстанда тәлімгер даярлау стандарты әзірленсін, — деді Талғат Жүнісов. 

Дереккөз: baq.kz

Қатысты жаңалықтар

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30
Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18
Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.