Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Балқаш көлінің жағалауында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

1 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Балқаш көлінің жағалауында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысы Сарқан ауданы аумағындағы Балқаш көлінің жағалауында шомылу маусымы қызып тұр. Осыған орай қазіргі уақытта құтқару қызметінің 13 маманы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуде, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сарқан ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Елдар Тұрсыновтың айтуынша, Балқаш көлінің 16 шақырымдық жағалауында шомылу маусымы басталғалы бері күнделікті патрульдеу және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Лепсі аймақтық құтқару қызметінің мамандары Балқаш көлінің жағалауындағы қауіпсіздік мәселесіне  қамтамасыз етіп отыр. Жасақ құрамында 13 қызметкер бар, олар техникалық жағынан 1 КАМАЗ, 2 УАЗ, 1 ТРЭКОЛ автокөлігі, 4 қайық және 1 катермен жабдықталған. Жергілікті атқарушы органның қолдауымен қазір 2 қайық сатып алу жұмыстары жүргізілуде.  Әсіресе судағы қауіпсіздік бойынша түсіндіру шараларына көп көңіл бөлінеді. Осы орайда жалпы демалушыларға, соның ішінде көлге арнайы келген лагерь балаларына 1 мыңнан астам қауіпсіздік жөніндегі жадынама парақшалары таратылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде шомылу маусымы кезеңінде жағада адасып қалған 5 бала құтқару жасағы қызметкерлерінің көмегімен табылып, ата-аналарына табысталды, — дейді Е. Тұрсынов.

Демалушылар түсіндіру шараларының жүйелі жүргізілгенін қолдайды.

Балқаштың суы жылы, жағасы құм, шомылуға қолайлы. Бала-шағамызбен бір жазда бірнеше рет келіп шомыламыз. Құтқарушылар күн сайын дауыс ұлғайтқыш құрылғысы арқылы судағы қауіпсіздік туралы ескертулер жасап отырады. Парақшалар таратады. Демалушыларға қауіпсіздік туралы тұрақты түрде ескертіп отырғаны дұрыс деп есептеймін, — дейді талдықорғандық тұрғын Айгерім Сабырбекқызы.

— Мен Сарқан ауданы Қарауылтөбе орта мектебінің оқушысымын. Бізді демалысқа арнайы көлге алып келді. Маған суға шомылған ұнайды. Көлде балалармен бірге демалысым көңілді өтіп жатыр. Бізге алысқа жүзуге, суда бір-біріміздің қол-аяғымызға жармасуға болмайтынын, басқа да судағы ережелер түсіндірілді, — дейді 8-сынып оқушысы Әбікен Әбіл.

Оған қоса Сарқан ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Балқаш көлінің жағалауында орналасқан демалыс аймақтарының басшыларымен ғимараттағы өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді де назардан тыс қалдырмайды.

Еске салсақ, Балқаш көлі жағалауын дамыту бағытында «Балқаш» туристік-рекреациялық демалыс аймағының инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы қолға алынған. Жобада электрмен және сумен қамту, кәріз жүйелері, жағалау жиегіндегі автожол құрылысы қарастырылған. Қазіргі кезде көл жағалауында 52 мың адам демалса, жағалау қажетті инфрақұрылыммен қамтылып, даму жоспары іске асырылғаннан кейін мұнда маусымына 450 мыңнан астам адам демалады деп болжануда.

Қатысты жаңалықтар

Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.