Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Балқашқа жол — тазалыққа жол: «ecoBalqash» экологиялық плоггингі жоғары деңгейде өтті

6 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Балқашқа жол — тазалыққа жол: «ecoBalqash» экологиялық плоггингі жоғары деңгейде өтті
WhatsAppTelegramFacebook

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Балқаш көліне апаратын жол бойында «ecoBalqash» атты ауқымды экологиялық плоггинг ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — азаматтардың, әсіресе жастардың, экологиялық мәдениетін арттырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, табиғатты аялауға үндеу. Осы экологиялық плоггингіне 250-ге жуық қатысушы жұмылып, қоршаған ортаның тазалығы үшін жұмыла еңбек етті.

Іс-шарада қатысушыларға арнайы қолғаптар мен қоқыс салатын қаптар таратылып, жол бойындағы және демалыс орындарындағы қалдықтар жиналды. Көлге жеткен соң жиналған 50 қап қоқыс ұйымдастырушыларға тапсырылып, белсенділер арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Игі бастаманың ұйымдастырушысы — «Jetisy jastary» КММ. Мекеме өкілдерінің айтуынша, мұндай акциялар бір реттік қадам емес, болашақта жүйелі түрде жалғасатын тұрақты экологиялық дәстүрге айналуы тиіс.

 «Табиғат — біздің ортақ байлығымыз. Оны қорғау — әрбір азаматтың міндеті. Бүгінгі экологиялық плоггинг арқылы біз тек қоқыс жинап қана қойған жоқпыз, сонымен қатар қоғамға маңызды үндеу тастадық: табиғатты аялау — бұл жауапты өмір салты. «Адал адам — Адал еңбек — Адал табыс» қағидаты дәл осындай еңбектер арқылы өмірімізге орнығатынына сенеміз. Жастарымыздың белсенділігі мен жанашырлығы бізге үлкен үміт береді. Осындай шаралар тек тазалықты емес, ұлттық рух пен экосананы да нығайтады», — деді «Jetisy jastary» КММ директорының орынбасары
Арнай Рақымберліұлы.

Бұл бастама табиғатты қорғауға бағытталған тек физикалық еңбекпен шектелмей, экологиялық ойлау жүйесін қалыптастыру жолында маңызды қадам болды. Алдағы уақытта да «ecoBalqash» сынды жобалар жалғасын тауып, еліміздегі экологиялық қозғалыстың жаңа серпін алуына сеп болады деп сенеміз.

 Облыстық қоғамдық даму басқармасы

Қатысты жаңалықтар

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.