Талдықорған: +35°C
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бұғалтыр жұмысы бақыланбағасын мектепте жемқорлық ұшығып тұр – Ахметжан Аятжанұлы

01.02.2024
КҮНДЕРЕК
Бұғалтыр жұмысы бақыланбағасын мектепте жемқорлық ұшығып тұр – Ахметжан Аятжанұлы
WhatsAppTelegramFacebook

Белгілі педагог Ахметжан Аятжанұлы өзінің желідегі парақшасында мектептегі жемқорлыққа қатысты ой-пікірін жазды. Білікті маман бүгінде мектеп директорлары есепшінің жұмысын бақылай алмайтындықтан бухгалтерлер жемқорлыққа батып жатқанын жазды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Бұрын жемқор шенеунік дегенді жиі айтушы едік. Қазір жемқор бухгалтер, жемқор директор дегенді көп айтатын болдық…

Негізі жемқорлық тұтас жүйеде, тұтас қоғамда ауыр деңгейде. Ал соңғы жылдарда ашылып жатқан орта білім саласындағы жемқорлық тек бүгін болған жемқорлық емес.

Бұрын мектептер ауданға қарайтын, бар қаржыны бөлетін де, бюджетін реттейтін де аудан еді. Ол кезде көп жемқорлық фактісін аудан өзі реттеп, жабатындықтан білінбей қалатын.

Қазір мектеп тіке облысқа қарайды, не жесе де көрініп қалады. Не жесе де ашылып қалады. Бұл – өте дұрыс үрдіс.

Енді мәселеге кішкене тереңдесек, Жетісу, Жамбыл, Қызылорда облыстарындағы мектептерде былықтар бірінің соңынан бірі ашылып, кінәлі тек бухгалтер болып жатыр. Мектептегі жемқорлық фактілерінде кінәлілер шынымен тек бухгалтер ме?!

Жоқ!

Оған жол беріп отырғандар да, ақшаны бөлісіп отырғандар да жазасыз қалмауы керек!

Бұл әңгімені бәрі айтып жатыр ғой, жемқорлық туралы бәрі жазып жатыр. Дұрыс, ашыла түсу керек. Жемқорлықсыз, әділетті қоғам болмай, ілгері баспаймыз.

Ал мен осы мектептердегі жемқорлықтың себебіне үңіліп көрейін.

Біріншіден, директорлар экономикалық, қаржылық жағынан, есепшілер жұмысынан, IT тұрғысынан сауатсыз.

Бухгалтерлер қолданатын бағдарламалардан да, тіпті кадр жалақысын есептеуді де білмейді.

Сондықтан өзінің қол қоятын электронды цифрлы қол таңбасын (ЭЦҚ) бухгалтерге береді де, оларға «сеніп» отыра береді. Ал басшысы сауатсыз бухгалтер өз білгенін істейді.

Екіншіден, қазіргі жүйеде мектепке сауатты директор тарту мүмкін емес. Себебі, жауапкершілік өте ауыр, таңның атысы, кештің батысы бүкіл баланың тағдырынан бастап, бүкіл мектептің күл-қоқысына дейін жауап береді.

Ал жалақысы өзінің қол астындағы мұғалімнен екі есе төмен. Сауатты кадрлар мұғалім болып тыныш жүруді жөн көреді. Әкімшілікке аттап баспайды.

Сонымен директор орынбасары, директор болатындар мәнсапқұмарлықпен барады немесе мұғалім болудан қашып барады. Әйтпесе, жанып тұрған, бәрінен хабары бар білімді мұғалім жауапкершілігі 5 есе ауыр, жалақысы аз жұмысқа жоламайды.

Қазір мектепте директор болып жүрген жандарды екі топқа бөлемін. Бірі – ұзақ уақыт басшылық қызметте жұмыс істеп үйреніп қалғандар, екіншілері – қандай да бір мақсатпен директор болғандар.

Олардың ішінде мақсаты ақша болғандар да, мәнсап болғандары да бар. Оның екеуі де шамасы келсе жейді немесе бухгалтеріне жегізеді.

Дәл осы жерде жүйені реттемей бұл жемқорлықты тізгіндеу мүмкін емес.

Үшіншіден, директордың міндетін атқарушы тағдыры. Қазір елімізде 500-ден астам мектепте директор жоқ, міндетін атқарушылар отыр.

Олар – уақытша амалсыз отырған адамдар. Шамасы жетсе, экономикалық мәселеге бас қатырғысы келмейді. Сондықтан да бухгалтерге жеуге жеңіл.

Төртіншіден, өңірлерде бухгалтерге де, мектеп директорына да жоғарыдан мемлекеттік тапсырыс міндеттелетін компаниялар бар.

Олар жоғарының тапсырмасымен сондай «мықты» компаниялармен жұмыс жасауға міндетті болады. Ол компаниялар біреулерге «шәпкісін» беріп отырады. Бұл жемқорлық тіптен ауыр.

Бесіншіден, жалпы директор – бұрынғы мұғалім, бұрынғы директор орынбасары. Ол қаржы, экономика, ақша есептеуге мүлде жоқ адамдар. Ал бухгалтер кәсіби маман… Осыдан да біраз нәрсенің беті ашылады.

2018 жылы Өмір Шыныбекұлы «Мектептегі жан басына қаржыландыру біраз директордың тағдырын ойран етеді, оларды ақшаны дұрыс жаратуға үйрету керек» деп еді… Сол айтқаны келіп жатыр…

Шыны керек, бүгінгі директорға (мектеп басшысына) қойылатын талап өте жоғары.

Бірінші, оқушымен жұмыс.

Екінші, ұжыммен жұмыс

Үшінші, ата-анамен жұмыс

Төртінші, жоғары органдармен жұмыс

Бесінші, қаржымен жұмыс

Алтыншы, шаруашылық жұмыс, –деп кете беретін ауыр жұмыстар бар. Оның ішіндегі ең қиыны – адаммен жұмыс. Мысалы, бүгінгі бір күніңді бір ғана адам быт-шытын ете салады. Бір ғана адам бір күндік жүйкеңді құрта салады. Дәл осындай кезде директор болу – отқа өз еркіңмен түсуге пара-пар!

Меніңше, мәселені басқаша реттеу керек!

Бір өңірлерде мектепке жұмысқа тұру 2,5 миллион теңге екен, оны антикор да, әкімдік те, елдің бәрі де біледі…

Бірақ бәрі білмегендей… Неге?

Осыдан-ақ бәрі түсінікті…

Мектеп жемқорлықтан құтылмайынша мемлекет жемқорлықтан құтылмайды.

Немесе керісінше, мемлекет жемқорлықтан құтылмайынша мектеп жемқорлықтан құтылмайды…

Бұл бағытта айтатын дүние көөп, әттең! Бірақ бізді кім тыңдайды…

Фото: Ахметжан Аятжанұлы Фейсбук парақшасынан алынды

Қатысты жаңалықтар

Олжас Бектенов бизнесті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов бизнесті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

31.07.2026
Президент бейресми Консультативтік кездесуге қатысты

Президент бейресми Консультативтік кездесуге қатысты

31.07.2026
Болашақтың берік негізі

Болашақтың берік негізі

31.07.2026
Тарихтан тамыр тартқан

Тарихтан тамыр тартқан

31.07.2026
Үштөбеде экологиялық рейд өтті

Үштөбеде экологиялық рейд өтті

31.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.