Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі шот бұғатталған кезде не істеу керек, бұғаттау тәуекелін қалайша төмендетуге болатыны жөнінде түсінік берді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Егер сіз шотқа қолжетімділік шектелгенін байқасаңыз, бірінші кезекте банктің мобильдік қосымшасындағы хабарламаларды тексеріңіз, себебі сол жерде көрсетілуі мүмкін.
Банкпен колл-орталық арқылы байланысыңыз немесе толық ақпарат алу үшін жақын жердегі бөлімшеге хабарласыңыз. Кіруді қалпына келтіру үшін қандай әрекеттер қажет екенін анықтаңыз.
eGov.kz немесе салық төлеушінің кабинеті арқылы ықтимал берешектің болуын тексеріңіз. Қажет болған жағдайда қаражаттың шығу көзін растайтын құжаттарды дайындаңыз және ұсыныңыз.
Бұғаттау тәуекелін қалайша төмендетуге болады:
- кәсіпкерлік қызмет үшін жеке шотты пайдаланбаңыз;
- ірі аударымдар және өзге де әдеттегіден тыс операциялар туралы банкке алдын ала хабарлаңыз;
- дербес деректердің өзектілігін және құжаттардың қолданыс мерзімдерін қадағалаңыз;
- берешектің болуын үнемі тексеріп отырыңыз және оларды уақтылы төлеңіз.





