Құрметті Текелі қаласының тұрғындары!
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 2026 жылғы 11 маусымда сағат 10.30-да Текелі қаласындағы мәдениет үйі ғимаратының (Тәуелсіздік көшесі, 11) 1-қабатында қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Қабылдауға облыс әкімі аппаратының азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөліміне 8 (7282) 40-25-06 телефон нөміріне хабарласу арқылы алдын ала жазыла аласыздар.
Сондай-ақ сағат 11.00-де өңір басшысы Текелі қаласы мәдениет үйі ғимаратының (Тәуелсіздік көшесі, 11) 2-қабатында қала тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y= сілтемесі бойынша жүргізіледі.





