Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БЕЙБІТ ИСАБАЕВ БІРҚАТАР САЛА МАМАНДАРЫНА МАРАПАТ ТАБЫСТАДЫ

17 желтоқсан 2024
КҮНДЕРЕК
БЕЙБІТ ИСАБАЕВ БІРҚАТАР САЛА МАМАНДАРЫНА МАРАПАТ ТАБЫСТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев желтоқсанның үшінші жексенбісінде аталып өтілетін энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай сала мамандарына және Тәуелсіздік күніне байланысты бірқатар ұстаздарға мемлекеттік марапаттар тапсырды.


Облыс әкімдігінде энергетика мамандарымен өткен жиында Бейбіт Исабаев өңірдің жылды жақсы көрсеткіштермен қорытындылап отырғанын, онда барлық сала қызметкерлерінің үлесі бар екенін атап өтті.

— Энергетика — елдің дамуы мен өркендеуінің негізі. Экономиканың қай саласын да, тіпті халықтың күнделікті тұрмысының өзін жылу мен электрсіз елестету мүмкін емес. Осы орайда сала мамандарына облыс тұрғындарының атынан ризашылығымды білдіремін. Алдағы уақытта да  маңызды міндеттерді сіздермен бірге нәтижелі орындаймыз деп сенемін, — деген облыс басшысы сала үздіктеріне мемлекеттік марапаттар тапсырды.

Атап айтқанда, еліміздің энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Темірбетон» ЖШС технологиялық жабдықтардың слесарь-жөндеушісі Манарбек Мұртазин ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін иеленсе, «ТАТЭК» АҚ техникалық директоры Дәулет Илипбаевқа, «Талдықорғанжылусервис» КМК бас инженері Ақылбай Тәжиевке, «Текелі энергокешені» ЖШС қазандық турбиналық цехының бастығы Владимир Коржға «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді.

Осы күні Бейбіт Исабаев облыста балаларға сапалы білім беру жолында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздармен кездесіп, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі қызметіне ризашылығын білдіріп, марапаттау рәсімін атқарды. Бұл ретте елдің әлеуметтік-мәдени және қоғамдық дамуына қосқан үлесі үшін Талдықорған қаласы Ынтымақ ауылындағы № 30 орта мектептің директоры Сәуле Усеноваға «Құрмет» ордені, Қаратал ауданындағы орта мектептің мұғалімдері Светлана Гончарова мен Нұрзия Рахметоваға «Шапағат» медалі, сол сияқты олардың әріптестері Бәтен Даниярова мен Алмагүл Малдыбековаға және Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорының өкілі Валентина Спиридоноваға Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты табысталды.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотограф: Дмитрий Ерофеев

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

Бүгін, 17:02
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.