Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бейімін бизнеске бағыттаған

20 ақпан 2025
КҮНДЕРЕК
Бейімін бизнеске бағыттаған
WhatsAppTelegramFacebook

«Қалауын тапса, қар жанар». Қар төркіні – су. Су жанушы ма еді?!  Қар да, су да, тас та, топырақ та, тіпті, темір де жанады. Тек қалауын тапса. Болмысынан қате сөз айтпайтын қазақтың осынау нақылы ебін тауып, еңбек етіп жүргендерге арналғандай. Бірақ, жұмыртқадан жүн қырқып, кетіп бара жатқанның кетпенін, бара жатқанның балтасын алатындарға қатысы жоқ. Қайталап айтсақ, адал еңбекпен, табанақы, маңдай термен еңбек еткендерге бағытталған. Қым-қуыт тіршіліктің қалауын тауып, тұрмысына арқау еткен жанның бірі – Рүстем Имамболов. Өзі атынан ат үркетін спортшы, даңқты ғалым, әйгілі тұлға емес, қарабайыр тұрмыс кешіп, бала-шағасын асырауды мұрат еткен азамат. Бастысы – қар жақпаса да табыс табудың жолын тапқан.

Тау мен тау жолықпаса да тұрмыста адам мен адам жолығады. Жолығу үшін сан сылтау іздеудің қажеті жоқ. Тек тіршіліктің ауанын аңду қажет. Баспанасы бар жанның күнде бір қажеттілігі туындайды. Есік алдында ойнаған біздің үйдің қыңыр баласы доп теуіп жүріп, терезені шағып тастайды ғой. Қыстың көзі қырауда, қыңырлығы сол «доп теппесем болмайды», – деп жер тепсінгесін далаға шығарғанбыз. Көздеп тұрып, терезені нысанаға алмаса да жел ықтырған доп әйнекті қақыратып кеп жіберді. Күн суықта солай әбігер боламыз деп кім ойлаған. Шыны әйнек ойып сала қоятын жай терезе емес, жұрттан қалмайық деп заманауиін салғанбыз. Содан абдырап отырмайық деген ишарамен «пластик» терезе салатындарды сағаладық. Айтсақ, өзімізге тиеді, айтпасақ кеудедегі ой тамақтан алып тұр. Күн түскенде қолда бардың аспандайтын әдеті. Анаған бір, мынаған екі қоңырау шалып әйнек бағасына келісе алмадық. «Ай-қапқа» салып, балаға ашу шақыра алмай доптан ақы алып тұрғанда, танысым қоңырау шала қойғаны. Шаруасын айтқан соң өз жайымды баян еттім. Содан мақтауын келістіріп, Рүстем Имамболовтың байланыс нөмірін ұстата қойғаны. Сонда хабарластым. Оталған советтік жүк көлігінің даусындай гүрілдеген жігіт ағасы бірден «көрмей ештеңе айта алмаймын» деді де қалтафонды қоя салды. Көп салмай еңгезердей жігіт қақпадан еніп келіп, сәл сауқаттан соң тірлігіне кірісті. Көп созбады. Бүлінгенді бүтіндеп, терезе көзін қалыпқа келтірді. Еңбегінің де, тауарының да бағасы көңілден шықты. Сұраса кеп Рүстемнің Ескелді ауданы, Шымыр ауылының тұрғыны екенін аңғардық. 

Рүстем негізі қаланың баласы, Талдықорған қаласында туған. «Адамның басы – Алланың добы» деген, әскерге шақырылып, Отан алдындағы борышын Астана қаласында өтеген. Содан сол қалада өмір сүруді жоспарлап, құрылыс саласында тер төгеді. Бірде танысы мұның ептілігі мен іскерлігіне разы болып, өзінің терезе жасайтын цехына жұмысқа тартады. Рүстем сонда жүріп көп тәжірибе жинайды. Араға жылдар салып, шаңырақ көтеріп, балалы болған жігітті өңірдегі ата-анасы шақырып, туған жерге оралады. Сол кездегі Алматы облысы аумағында құрылыс саласында жұмыс тауып, еңбек етіп жүреді. Бірақ, үйренген машықты жүзеге асыруды ойынан шығармапты. Жиған-тергенін қолға алып, қалаға жақын Шымыр ауылынан баспана тауып, соны сатып алады. Үйелмелі-сүйелмелі бала-шағасын асырау үшін өз кәсібін бастауды қолға алады. Ауласынан шағындау етіп ғимарат соғып, ішін жабдыққа толтыра бастайды. Терезе жасауға қажетті аспаптарды Алматы қаласынан алдырып, цех жұмысын жандандырғанына биыл тұп-тура 4 жыл.

– Қазір көп жаспен сөйлессең: «Бірдеңе істеу керек еді. Кәсіп бастау керек еді», – деп жүргені. Бірақ игерген бір кәсібі жоқ. Машықтанбайды да. «Бірдеңе істеу керек» деп жүріп уақытты құр өлтіруде. Әр адамның бейімі болады. Біреу саудаға, біреу құрылысқа, біреу өсімдік баптауға. Бейімін тұрмысына арқау ету керек. Терезе жасауды үйреніп, бейіміме орай шағын кәсібімді дөңгелентіп отырмын. Осы цехымды ұлғайтып, қосымша жиһаз құрастыратын, темірден бұйымдар жасайтын орталық ашу жоспарда бар, – дейді іскер жігіт. 

Шебердің сөзінше, бір жылда 60-70 үйге терезе салады екен. Оның негізгі тұтынушылары  Ескелді және Ақсу ауданының тұрғындары. Ұтымды тұсы – шалғай ауылды аралап, сол маңнан тұтынушы табады. Мәселен, жаз мезгілінде Ақсу ауданына қарасты Матай, Қызылағаш, Сағабүйен ауылдарын айына екі-үш мәрте аралап келеді. Сондай-ақ, қазір «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» whatsapp мессенджерінде ауылдардың тұрғындары жинақталған топтар бар. Сол топтарға қосылып, жиі жарнама береді. Сол арқылы нәпақа табады.

 – Қыс айлары қиын кезең. Терезе жасатушылар да аз болады. Ол да түсінікті, құрылыс жұмыстары жазда қызады ғой. Қыста үй терезелерін жөндеп қызмет көрсетеміз. Жөндеу болғанда жел улеген терезелердің резеңкелерін жаңалаймыз. Күн әсерінен әйнек те, терезе жақтауы да өңеді. Қалпынан ауытқиды. Соны қалыпқа келтіріп, нәпақа табамыз, – дейді Рүстем Имамболов.

Кейіпкеріміз алты баланың әкесі. Сол алтаудың тамағын тауып беру үшін қарап жатпайды. Қолы қалт етсе жұрттың сұранысына орай еңбек ете береді. Елге сантехникалық қызметтер де көрсетеді. Ескі жиһазды жаңалап та береді. «Жігітке жеті өнер де аз» деген. Бастысы, маңдай термен табыс тауып жүрген осындай азаматтардан қалай айналмайсың?!

Дастанбек САДЫҚ
Ескелді ауданы

Қатысты жаңалықтар

Орталық Азия мен Қытай елдері жаңа жоспарларды қабылдады

Орталық Азия мен Қытай елдері жаңа жоспарларды қабылдады

Бүгін, 11:30
Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Бүгін, 11:00
729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

Бүгін, 10:30
Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Бүгін, 10:06
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Бүгін, 09:31

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.