Талдықорған: +9°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕККЕ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН СЫЙЛЫҚ ЖАРЫ ГҮЛМИРАҒА ТАБЫСТАЛДЫ

30 қазан 2020
КҮНДЕРЕК
БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕККЕ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН СЫЙЛЫҚ ЖАРЫ ГҮЛМИРАҒА ТАБЫСТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин тележурналистика саласында өшпес із қалдырған, қазақтың біртуар ұлы Бейсен Құранбекке тағайындалған «Парламент сөзі» арнайы сыйлығын оның жары Гүлмира Қадырқызына табыс етті.

— Армысыздар, ағайын! Бейсен бір сұхбатында журналист қандай болуы керек және оның ең жоғары наградасы қандай деген сұраққа былай деп жауап беріпті: «Жақсы жазу, әдемі сөйлеуді үйреніп алуға болады, уақыт өте келе, тәжірибе мен шеберлік те шыңдалады. Ең бастысы, журналист бейжай, енжар, бейқам болмауы керек. Ол халықтың жанашыры болуы тиіс. Және журналист үшін ең биік марапат ол — халықтың ықыласы. Егер сен жасаған сюжет, дайындаған хабар бір адамға болса да, пайдасы тисе, түйінді мәселесін шешуге көмектессе, онда міндетің орындалғаны, еңбегіңнің ақталғаны», — деген екен. Бейсекең сырқаттанып жатқанда оның адал достары, әріптестері, өмір жолындағы ұстаздары, өзі баулыған шәкірттері жан-жағынан қаумалап, көмектесіп жүрді. Ол кісі өмірден өткен соң да сол демеуді, қолдауды әлі сезіп келеміз. Елбасымыз бен Президентіміз бастаған еліміздің игі жақсылары көңілдерін білдіріп жатыр, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жігер» сыйлығын тағайындады, Алматы облысының әкімдігі «Жетісу» телеарнасының төрінен музей ашу идеясына қолдау көрсетті. Бүгінгі өздеріңіз табыстап отырған «Парламент сөзі» марапаты да ұлтының сүйікті ұлына көрсеткен ыстық ықыласы деп білеміз және сол пейілдеріңіз үшін отбасымыздың, әулетіміздің атынан және «Жетісу» телеарнасы мен «Qareket» ұжымының атынан алғысымызды білдіремін», — деді Бейсен Құранбектың зайыбы Гүлмира Зербай.

Айта кетейік, биыл төртінші рет өткізіліп отырған дәстүрлі парламенттік сыйлықтың қорытындысы жаз мезгілінде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында шығарылған болатын. Алайда карантинге байланысты естелік мүсіншелер мен лауреаттардың дипломдарын тапсыру рәсімі күзгі парламенттік сессияға ауыстырылған.

Мәжіліс төрағасы шарада «Парламент сөзі» сыйлығын жеңімпаздарға табыстап, бұқаралық ақпарат құралдарының еліміздің дамуындағы, сондай-ақ, депутаттық корпус пен журналистердің бірлескен нәтижелі жұмысын атап өтті. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, журналистердің Мәжіліс жұмысын насихаттап, депутаттардың қызметін халыққа жеткізуде қосқан үлестері өте зор.

Сонымен, «Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» аталымын «Qazaqstan dauiri» бас директоры Сәуле Мешітбаева және «Караван» газетінің бас редакторы Игорь Шахнович, «Үздік телевизиялық сюжет үшін» номинациясын «Хабар» телеарнасының тілшісі Индира Жылқайдарова мен «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі Светлана Пенькова, «Үздік баспа жарияланымы үшін» номинациясын «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Темір Құсаинов пен «Литер» газетінің ұжымы, «Үздік интернет және радио материалы» номинациясын «Abai.kz» ақпараттық порталы мен Серік Сабеков («Kazinform») жеңіп алды.

«Парламент сөзі» сыйлығының «Арнайы репортаж» номинациясын «Қазақ радиоларынан» Қымбат Досжан және «Хабар 24» телеарнасының корреспонденті Марк Брюшко иеленді. «Үздік бейнесурет материалы үшін» номинациясын «Nur Media» фототілшісі Советбек Мағзумов пен «Хабар» телеарнасының бас операторы Еділ Ермекбаев қанжығалады. Сондай-ақ, биыл әлеуметтік желідегі үздіктер анықталды. Олар «Әлеуметтік желідегі үздік материал үшін» номинациясы алғаш рет журналист-блогер Өркен Кенжебек және YEDILOV ONLINE Telegram-каналының авторы Ербол Еділовке табысталды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

4 қараша 2026
Жолдау жүктеген міндет

Жолдау жүктеген міндет

4 қараша 2026
Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

4 қараша 2026
Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

4 қараша 2026
Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

4 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.