Талдықорған: +6°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БЕЛГІЛІ ЖУРНАЛИСТ, ТАНЫМАЛ БАСПАГЕР ЫРЫМ КЕНЕНБАЙ ӨМІРДЕН ОЗДЫ

10 ақпан 2021
КҮНДЕРЕК
БЕЛГІЛІ ЖУРНАЛИСТ, ТАНЫМАЛ БАСПАГЕР ЫРЫМ КЕНЕНБАЙ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Белгілі журналист, жазушы, баспагер Ырым Кененбай өмірден озды. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Ырым Суанбайұлы 1947 жылы 19 маусым куні Алматы облысы Талдықорған ауданында дүниеге келді. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түсіп, оны 1969 жылы бітіріп шықты.

Ырым Кененбайдың сан қырлы журналистік талантының танылған тұсы 1970 жылдар болды. Ол «Лениншіл жас» газетінде 11 жыл бойы қызмет жасап, газеттің мәдениет және ғылым, шаруа. жастар, насихат бөлімдеріне жетекшілік етті, редколлегия мүшесі болды. Ырымның жеке әңгімелері «Жетісу», «Лениншіл жас», «Мәдениет және тұрмыс» басылымдарының тұрақты оқырмандарына жақсы таныс. Оның «Аққулы мекен» повесі шығармашылық ортада жоғары бағаланды. 

1979-1985 жылдар аралығында «Қазақстан» баспасында аға редактор, «Мектеп» баспасында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болды. Ана тілімізге бетбұрыс жасалып, арнайы Үкімет каулысымен жаңадан «Ана тілі» баспасы ашылғанда, оның алғашкы ұйымдастырушыларының бірі, бас редактордың орынбасары, директордың бірінші орынбасары, директоры болды. Жоғары оқу орындарында дәріс қазақ тілінде жүріп, ана тіліміздегі оқулықтарға зәрулік туғанда Үкімет шешіміне сәйкес «Білім» баспасын ұйымдастырып. оған басшылық етті.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқараралық ақпарат министрлігінің 13 мамырдағы алқа шешімімен «Алатау» мемлекеттік баспа-полиграфиялық корпорациясы құрылды. Ал Қазақстан Республикасы үкіметінің 2000 жылғы 29 кыркүйектегі №1470 арнайы қаулысымен ол акционерлік қоғамға айналды. Ырым Кененбай басшылық ететін бұл корпорация республикамыздағы нарықтық экономикаға нық кадам басқан табысты шығармашылық-баспагерлік кәсіпорындардың біріне айналды.

Ырым Суанбайулы журналистік-қайраткерлік қызметі үшін көптеген грамоталармен, КСРО Жоғарғы кеңесі президиумының «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. 1978 жылдан КСРО Журналистер Одағының, 1987 жылдан КСРО Жазушылар Одағының мүшесі.

Үш мәрте Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының иегері. Бірнеше көркемсөз, аударма кітаптарының авторы. «Лабасы етегінде», «Қырда өскен қызғалдақтар», «Жас шопандар ауылы», «Інжу-маржандар», «Бір уыс дән», «Қолғанат», «Ер жүрегі», «Мәңгі жаз елі» сынды туындылары оқырман тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Ырым Кененбай өмірінің соңына дейін «Алматы-Болашақ» АҚ президенті қызметін абыроймен атқарды. Көпшіліктің жадында қайраткердің жарқын бейнесі қалды. Оның есімі қазақ журналистикасында ұмытылмайды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

3 қараша 2026
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

3 қараша 2026
Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

2 қараша 2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

2 қараша 2026
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

2 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.