Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Би ансамблі биіктерден көрінуді көздейді

9 наурыз 2025
КҮНДЕРЕК
Би ансамблі биіктерден көрінуді көздейді
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысы Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының бишілер ансамблінің құрылғанына биыл небәрі 3 жыл. Би ұжымы – филармония құрамында өз шығармашылығымен ерекше орын алады. Мұндағы бишілер аз уақыттың ішінде өңірдегі өнерсүйер көрерменнің жүрегін жаулап, ықыласына бөленіп үлгергені ақиқат. Ұлттың мәдениетін асқақтатуға айтарлықтай үлес қосып жүрген би тобы туралы аз-кем сөз қозғай кеткенді жөн көрдік.

Аталған филармонияның бишілер ансамблі Алматы облысы екіге бөлінгенде құрылған болатын. Мемлекеттік «Алтынай» би ансамблі Қонаев қаласына ауысқанда бүкіл репертуардағы би мен бишілердің костюмдері, жас бишілер бірге кетеді. Ал Талдықорғанда тек отбасылы өнерпаздар қалған екен. Жастардың көбі Алматы облысына кеткендіктен  бұл жақтағы құрамды қайтадан іріктеп, жасақтауға тура келген.

Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармонияның бишілер ансамблі құрамындағы қыз-жігіттердің дені Қызылорда,  Қарақалпақстаннан келген. Жергілікті өнерпаздар бұл жаққа ат басын бұрмайтын көрінеді. Қазіргі уақытта ансамбль құрамында 16 қыз, 10 жігіт бар.

 – «Алтынай» би ансамблі бөлінгенде бізге тек 3-4 би мен 3-4 киім ғана қалдырды. Қоржынымыздағы барлық қазына сол жаққа кетті. Бастапқы кезде қиын болғанымен  қазір, Құдайға шүкір, жақсарып келеміз. Бізге Талдықорғандағы саз колледжінің ішінен хореаграфия бөлімі ашылғаны тиімді болды. 2 жылдан бері қыздарды сол жерден шақыртып, іріктеп алып жатырмыз. Оған сырттан келетін мұғалім, студенттерді қосқанда құрамымыз 30-ға жуықтап қалды. Әлі де ансамбльге бишілер керек. Облыстық әкімдік штатымызды кеңейтіп, жаңа киімдер тігуге көмек бергелі отыр. Бұған көңіліміз айтарлықтай марқайып қалды. Біз бағындырар биіктер әлі алда, – дейді ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері, ансамбльдің көркемдік жетекшісі Гүлмира Смағұлова.

Бүгінде ансамбльдің қоржынында «Шын арулар», «Білезік», «Дала рухы», «Жанартау», «Бүлдірген», «Батырлар биі», «Ақ баян», «Тойбастар», «Айлы кеш», «Танго» сынды 20-ға жуық би бар. 2 жылдың ішінде мұншама би шығару үлкен жетістік екені шындық.

Би ұжымы қазіргі уақытта сәуір айында Түркістан  қаласында өтетін фестивальге дайындық жұмыстарын жүргізуде. Күз айларында облыс орталығында есеп беру концертін өткізуді де жоспарлап отыр.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.