Талдықорған: +22°C
$ 444.58
€ 510.29
₽ 5.27
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Білім мен білік сынға түсті

28.07.2026
КҮНДЕРЕК
Білім мен білік сынға түсті
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғандағы Jetisu Digital IT хабының базасында «Summer GDG AI Hackathon» жазғы хакатоны өтіп, жас өнертапқыштар жасанды интеллект технологияларына негізделген тың жобаларын ұсынды. Шараның басты мақсаты – өңір жастарының цифрлық құзыреттерін дамыту, бағдарламалау дағдыларын жетілдіру, командалық жұмыс мәдениетін қалыптастыру және инновациялық идеяларды нақты технологиялық өнімдерге айналдыруға қолдау көрсету.

Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған хакатон Google Developers Group (GDG) Taldykorgan қауымдастығы өткізген байқау барысында қатысушыларға тапсырмалар іс-шараның ашылуынан кейін ғана беріліп, командалар шектеулі уақыт ішінде өз шешімдерін әзірледі.

Jetisu Digital IT хабының аймақтық менеджері Әйгерім Шаймерденованың айтуынша, мұндай жобалар өңірлік IT экожүйені дамытуға, халық- аралық стандарттарды енгізуге және цифрлық трансформацияға үлес қосатын жаңа буын мамандарын даярлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қатысушылар тәжірибе алмасып, кәсіби байланыстарын нығайтады.

Хакатон аясында қатысушылар үшін бұлтты технологияларға арналған тәжірибелік воркшоп ұйымдастырылды. Google компаниясының Катардағы кеңсесінің бағдарламалық жасақтама инженері Удеш Удаякумар Google Cloud сервистерінің мүмкіндіктері мен оларды заманауи цифрлық өнімдерді әзірлеуде қолдану жолдарын таныстырды.

Хакатонға 30-ға жуық оқушы мен студент қатысты. Олардың қатарында Талдықорғаннан бөлек, Алматы мен Астана қалаларында білім алып жүрген жастар да бар.

Қатысушылардың бірі – Талдықорған колледжінің түлегі Сағындық Мырзағали хакатондардың кәсіби дамудағы маңызына тоқталып, мұндай жарыстардың қысқа уақыт ішінде жоба әзірлеуге, жылдам шешім қабылдауға және командалық жұмысты жетілдіруге үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, «Summer GDG AI Hackathon» Жетісу жастарының жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға қызығушылығының жылдан-жылға артып келе жатқанын айқын көрсетті.

Байқау қорытындысында 1-орынды «Medos» жобасы иеленді. Бұл жүйе жедел жәрдем қызметі, емханалар мен ауруханалар арасындағы өзара іс-қимылды автоматтандыруға бағытталған. 2-орын компьютерлік көру технологиялары арқылы Паркинсон ауруын диагностикалауға арналған «Neuromotion» жобасына бұйырса, 3-орынды психикалық денсаулық саласында жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланатын «Ahead» жобасы жеңіп алды. Оларға дипломдар мен естелік сыйлықтар және ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Еңлік Кенебай

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда «Таза Қазақстан»: табиғи аумақтар тазартылды

Жетісуда «Таза Қазақстан»: табиғи аумақтар тазартылды

17.09.2026
Диқандарға тіршілік нәрі жетті: Елімізде 11,1 млрд текше метр суармалы су берілді

Диқандарға тіршілік нәрі жетті: Елімізде 11,1 млрд текше метр суармалы су берілді

17.09.2026
Зейнеткерлерге қандай жеңілдік түрлері қарастырылған

Зейнеткерлерге қандай жеңілдік түрлері қарастырылған

17.09.2026
Ең төменгі жалақы өседі

2027 жылдың басы күрделі болмақ: Дания Еспаева үш жылдық бюджет жобасы туралы айтты

17.09.2026
Елімізде жаңа Hyundai Tucson шығарылады

Елімізде жаңа Hyundai Tucson шығарылады

17.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.