Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Білімім – отаныма

25 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Білімім – отаныма
WhatsAppTelegramFacebook

Оқу жылының аяқталуы – жаңа өмірге қадам басар түлектер үшін ғана емес, «мектеп – кеме, білім – теңіз» деп білген кемел елдің әр азаматы үшін мерейлі күн. Осынау шақта жауқазындай жайнаған жастардың үміті үкіленіп, шәкірттік сәттің соңғы қоңырауының сыңғырын естісе, қалған оқушылар жазғы демалысқа жайдары көңілмен аттанады. 23 мамырда еліміз бойынша Соңғы қоңырау шарасы мектеп қабырғаларында өтіп, «Білімім – Отаныма» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаты ұйымдастырылды.

Биыл ел көлемінде 3,9 миллионға жуық оқушы 2024-2025 оқу жылын тамамдады. Оның 217 мыңнан астамы мектеп бітірушілер болса, 173 мың түлек колледждерден қанаттанды.

Оқу жылы толағай табыстар мен жарқын жетістіктерге толы болды. Бұл туралы арнайы атап өткен ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев:
– Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде бір жыл ішінде рекордтық көрсеткіш – 257 жаңа мектеп ашылды. Оқушыларымыз халықаралық білім додаларында 362 медаль иеленді, оның 41-і – алтын медаль болды. Ел тарихында алғаш рет колледж студенттерінен құралған Қазақстанның Ұлттық құрамасы Францияда өткен 47-ші WorldSkills чемпионатында зор табысқа жетіп, 7 медальон иеленді. Мұның барлы-ғы – отандық білім беру жүйесіндегі жүйелі реформалар мен қажырлы еңбектің нақты жемісі», – деп атап өтіп, барша халықты, ұстаздар мен ата-аналарды, шәкірттерді оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтады.

Жетісу облысы білім басқармасының мәліметінше, биыл аймақ бойынша 131 675 оқушы оқу жылын тамамдады. Оның ішінде, 11 сыныпты 7 866, 9 сыныпты 12 968 түлек аяқтады.

Барлық жалпы орта білім беретін 321 мектептің 1-11-сыныптары үшін оқу жылының аяқталуына байланысты салтанатты іс-шаралар «Білімім – Отаныма» сынып сағаты аясында өтті. Сынып сағатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына басымдық берілді. Білім алушыларға «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп», «Адал азамат» тақырыптық бағыттары бойынша эссе жазу ұсынылды. Үздік жұмыстар көпшілік ортасында оқылып, авторлары марапатталды.
Сынып сағаттарында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының негізгі ережелері мен бағыттарына назар аударылды.

Сынып сағатында демалыста оқуға ұсынылатын кітаптар тізімі, сондай-ақ, қауіпсіздік шаралары, алдын ала жоспарланып ұйымдастырылған демалыстың артықшылықтары, қосымша білім беру ұйымдарына қатысудың тиімділігі, еңбек етудің пайдасы, ата-анаға, ата-әжеге көмектесудің қажеттілігі айтылды.
Жалпы өңір бойынша мектеп бітірген 7866 түлектің 472-сі «Алтын белгі» төсбелгісіне, 711-і Үздік аттестатқа үміткер.

Оқу жылының аяталуына орай бұл күні облысымыздың барлық мектебіндегі түлектер мен оқушылардың қатысуымен нашақорлыққа қарсы «Есірткісіз өмірді таңда» тақырыбында челлендж түсірілгенін де айта кеткен жөн.

Бұл орайда, өңірімізде соңғы жылдары әлеуметтік инфрақұрылымның жағдайы жақсарғанын, облыс құрылғаннан бері салынған, жаңғырған нысандардың пайыздық көрсеткіші орта есеппен 52% құрайтынын да тілге тиек еткіміз келеді. Яғни, 270 нысан салынды және жөнделді. Мұның нәтижесінде білім беру саласында бейімделген мектептер саны 69-дан 39-ға дейін қысқарды. Облыс құрылғаннан бері 5310 оқушыға арналған 15 мектеп пайдалануға берілді.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.