Талдықорған: +3°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Биылғы оқиға бәрінің көзін ашты деп ойлаймын»: Кәсіподақ төрайымы үкіметтен орманшылардың жағдайын жақсартуды сұрады

12 маусым 2023
КҮНДЕРЕК
«Биылғы оқиға бәрінің көзін ашты деп ойлаймын»: Кәсіподақ төрайымы үкіметтен орманшылардың жағдайын жақсартуды сұрады
WhatsAppTelegramFacebook

Абай облысындағы өртте қаза тапқан орманшылардың жетеуі Успенка ауылынан. Бүгін «Семей орманы» резерватының ұжымы әріптесі Саят Нұржігітовты соңғы сапарға шығарып салды.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы KAZ.NUR.KZ сайтының ақпаратына сүйеніп хабарлайды.

Марқұмның әріптесі Асқар Тоғышбаевтың айтуынша, 50-ді енді ғана еңсерген Саят Нұржігітов Успен орман шаруашылығында инспектор болып істеген. «Осындай үлкен апат болып тұр. Әріптесімізден айырылып қалдық. Жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Жақсы азамат, жұмысына тиянақты еді», — деп еске алады ол. Жаназаға жиналғандардың ішінде Орман шаруашылығы жұмысшыларының кәсіподақ ұйымының төрайымы да болды. Кәсіподақ төрайымы Гүлсара Баймағамбетова да марқұмның туыстарына қайғыра көңіл айтты. Оның сөзінше, Саят 20 жылдан бері осы салада қызмет етіп келген, бүкіл өмірін орман шаруашылығына арнаған.

«Ауыр хабарды естіп, бәріміздің қабырғамыз қайысты. Әлі ес жия алмай жатырмыз. Жұмысшыларымыз қиыншылыққа қарамай өртпен күресіп, адал еңбек атқарып, өз жанын беріп отыр. Саят бүкіл өмірін осы орман шаруашылығына арнады. Мықты орманшымыздың бірі еді. Жақындарына құдай күш-қуат берсін. 20 жылдан аса еңбек етті. Екі баласы бар. Артында әкесі, жолдасы, ағасы қалды. Келіншегі де осы орман шаруашылығында істейді», — дейді Гүлсара Баймағамбетова. 

Кәсіподақ төрайымы үкіметтен орманшылардың жағдайын жақсартуды сұрады.

«Қазір үкіметке үндеу салып жатырмыз. Орманшылардың жағдайын жақсартса дейміз. Биылғы оқиға бәрінің көзін ашты деп ойлаймын. Кәсіподақ ұйымының атынан жұмысшылардың жалақысы көтерілсін деп сұраймын. Техника ескі, рация жоқ, айлықтары аз, 100 мың теңгеге еңбек етіп, жанын қиып жатыр. Бір-бір үйдің азаматтары еді… Ана ретінде айтарым — балаларымыздың жағдайын жақсартсын. Әкелеріміз өсірген орманды бір күнде жоғалтып отырмыз», — дейді Гүлсара Баймағамбетова.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

27 қазан 2026
Кітап оқитын шекарашы

Кітап оқитын шекарашы

27 қазан 2026
Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

27 қазан 2026
Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

27 қазан 2026
Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

27 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.