Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстандағы ең ірі және беделді жоғары оқу орындарының бірі. Университеттің 90 жылдық тарихында оның құрылымында көптеген кафедралар мен ғылыми орталықтар дамыды. Солардың бірі – Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Менеджмент» кафедрасы, ол еліміздің басқару саласына жоғары білікті мамандар даярлау миссиясын атқарып келеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика факултети, казирги Эеономика жане бизнес мектеби, негізі 1949 жылы қаланған, ең алғашқы деканы – экономика ғылымдарына еңбек сіңірген қайраткер Федор Алексеевич Жеребятьев. Жоғарғы мектепке қарасты Менеджмент кафедрасы алғаш рет 1995 жылы университет ректоры, академик К.Нарибаевтың бастамасымен құрылды. Алғашында кафедра тек «Менеджмент» мамандығы бойынша мамандар даярласа, кейіннен 2001 жылы оның аясында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы енгізілді. Уақыт өте келе, кафедраның әлеуеті артып, «Маркетинг» және «Логистика» бағыттары да оқу бағдарламасына қосылды.
Бүгінде кафедраны экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлжахан Советбековна басқарып отыр. Кафедра құрамында 6 профессор, 4 PhD докторы және 10 доцент қызмет етеді. Олардың көпшілігі Қазақстандағы және халықаралық ғылыми қауымдастықтарда беделді мамандар болып саналады. Менеджмент кафедрасының оқу бағдарламалары халықаралық стандарттарға сай әзірленген және FIBAA сияқты беделді аккредитация агенттіктерімен мақұлданған. Бұл студенттерге бәсекеге қабілетті білім алуға мүмкіндік береді. Факультетин түлектері бүгінде Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесінде, ұлттық және халықаралық компанияларда, бизнес құрылымдарында табысты еңбек етіп жүр. Көптеген түлектер шетелдік жетекші университеттерде білімін жалғастырып, еліміздің абыройын асқақтатуда.Халықаралық әріптестік және мүмкіндіктерге тоқталар болсақ кафедра халықаралық университеттермен және ғылыми орталықтармен тығыз байланыс орнатқан. Студенттер мен жас ғалымдар академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы шетелдік жоғары оқу орындарында білімін жетілдіруге мүмкіндік алады. Сондай-ақ, магистранттар мен докторанттар халықаралық тағылымдамалардан өтіп, бірлескен ғылыми жобаларға қатысады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Менеджмент кафедрасы – еліміздің басқару саласында кәсіби мамандар даярлайтын беделді білім беру және ғылыми-зерттеу орталығы.
Қазақстан Республикасындағы экономикалық мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандар, магистрлер мен Ph.D. докторларын дайындайтын ең үлкен және ең алғаш құрылған орын. Профессорларлық-оқытушылық құрам әрі беделді ғалымдар мен келешегі зор жас ғалымдардан тұрады, олар өз кезегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әртүрлі уақытта жұмыс істеген танымал отандық экономистердің ізін қуып, ғылыми дәстүрлерін жалғастырып келеді.
75-жылдан аса тарихында экономикалық профильдегі 15000-нан астам маман, 270 ғылым докторлары мен кандидаттарын, 2000 магистрлер мен Ph.D. докторларын дайындап шығарды. Жыл сайын мемлекеттік білім грантының иегері атанған абитуриенттердің жартысынан астамы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебін таңдайды. Себебі:
- біздің түлектеріміз табысты әрі бәсекеге қабілетті және бизнес, ғылым, білім салаларында, ұлттық және шетелдік компанияларда, мемлекеттік қызметте жоғары сұранысқа ие;
- біздің студенттер, магистранттар мен докторанттар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім алып, өздеріне қолайлы жеке оқу траекториясы мен оқыту формасын таңдай алады;
- біздің студенттер екі дипломдық білім беру бағдарламалары арқылы шетелдік әріптес университеттің де дипломын алу мүмкіндігіне ие;
- біздің студенттер оқудың бірінші күнінен бастап ғылыми-зерттеу қызметіне, жетекші ғалымдардың ғылыми жобаларына қатыса алады;
- біздің студенттер университеттің қоғамдық өміріне белсенді ат салыса отырып, өздерін ары қарай жетілдіруге, жан-жақты дамытуға мүмкіндік алады.
Сондай-ақ біздің түлектерміз: Әубәкіров Яхия Әубәкірұлы-ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры (1972-1985) Қазақстанның ғылыми экономикалық мектебінің негізін қалаушылардың бірі;Асанбаев Ерік Мағзұмұлы – Экономика ғылымдарының докторы; Қазақстан Республикасының вице-президенті (1991-1996), ҚР Германиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі. Нәрібаев Көпжасар Нәрібайұлы – ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР Жоғары және орта білім министрі (1983-1987), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры (1991-2001); Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы – ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор,Еліміздің бірқатар жетекші жоғары оқу орындарының ректоры, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының президенті, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (2004, 2007); Қарағұсова Гүлжан Жанпейісқызы, Никитинская Екатерина Сергеевна – Экономика ғылымдарының докторы, профессор,Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты,Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2001-2007); Алшанов Рахман Алшанұлы — Экономика ғылымдарының докторы, профессор «Тұран» университетінің ректоры,Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті; Иксанова Гүлнар Мұстахымқызы –Экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты; Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы – Экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (2016-2019); Әшімбаев Маулен Сағатұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы; Дунаев Арман Ғалиасқарұлы – Экономика ғылымының кандидаты, Halyk Bank-тің тәуелсіз директоры, директорлар Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының қаржы министрі (2004-2006); Жүнісова Әсел Аблайқызы – Алматы қаласы әкімінің экономика, бюджеттік жоспарлау және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары; Қарашүкеев Ербол Шырақпайұлы – «ҚазАгро» Холдингі» АҚ басқарма төрағасы; Рыспеков Дастан Адайұлы — Ұлытау облысының әкімі сынды тағы басқа да Отанымыз бен қоса әлемдік деңгейде өз мамандықтарының бәсекеге қабілетті игерген білікті маман ретінде түлектеріміз қызметтер атқарып жүр.
Кафедраның дамуы, профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігі, халықаралық байланыстары қазіргі заман талаптарына сай менеджерлерді даярлауға толық мүмкіндік береді. Егер сіз басқару саласында кәсіби маман болғыңыз келсе, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Менеджмент кафедрасы сіз үшін ең дұрыс таңдау!
Жатканбаев Е. Б. – профессор, э. г. д., академик Национальной Академии высшей школы Казахстана
Туребекова Б. О. – э. г. к., доцент Каз. Н. У. им. Аль Фараби
Фото: inbusiness.kz