Талдықорған: +2°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Біреу аттың басындай алтын жасырып қойғандай»: Ақберен Елгезек «даулы» мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

6 сәуір 2023
КҮНДЕРЕК
"Біреу аттың басындай алтын жасырып қойғандай": Ақберен Елгезек "даулы" мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді
WhatsAppTelegramFacebook

Осыған дейін  «спектакльге қатысуға құлқым жоқ» деп мәлімдеме жасап, қызметінен кететінін айтқан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезектің бұл әрекеті қоғамда үлкен аңыс қозғаған еді. Әлеуметтік желіде «спектакль» деген сөзге қатысты сан болжам жасалғаны да рас. Осы ретте ақын аталған пікірдің мәнін түсіндіріп беру үшін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында тағы да мәлімдеме жасады. 

Біз автордың «даулы» мәселеге қатысты айтқан тұсын ықшамдап беріп отырмыз.

«Менің “Жазушылар одағындағы қызметімнен кетем“ деген постымды оқыған жұрт бұл шешімімді әбден талқылап, әжептәуір дуылдасып-ақ қалды. Жөн, қоғамдағы кез келген жағдай талқылануы керек, сол жағдайдың маңайындағы небір мәселелер де құлағын қылтитып, көрініп те қалады. Пайдасы да осы шығар. Айтпағым бірақ ол емес. Мен сол пост арқылы өзімді бейне бір “ғаламат батыр тұлға, “керемет әділетсүйгіш кісі” ретінде көрсетуді мақсат тұтқам жоқ»

Дегенмен жылы лебіздеріңізге құлдық! Жария кеткенімнің себебі — біреу ғана. Ол — бойын жасыра бұқпантайлап қашқан адам ұқсамай, ашық айтып кету еді. Тыныш қана арызымды жазып кетсем, ел оны сан-саққа жоритыны тағы бар.

“Спектакль деген не?” деп сұрап жатырсыздар. Ақыры бастаған екем, айтайын.

Әр Құрылтай сайын біздің ұйымның мүшелері — қаламгерлердің ерікті таңдауына іші пысқанның бәрі араласады. Құрылтай қарсаңында небір жершілдік, рушылдық сияқты сасық принциптерге негізделген әрқилы топтар құрылып, жазушы қауымның ішін іри-тіри қылады. Жоғарыға арыз домалатып, бірін бірі тілдеп, ел алдында масқара боп жатады. Ұят!

«Биылғы Құрылтайдың алдында да мұндай ыбыр-жыбыр ахуал бет қаратпай күйіп тұр. Құдды бір Одақтың табалдырығының астына біреу аттың басындай алтын жасырып қойғандай. Сондай лас әңгіме, топас интригалардан қашқаным рас. Ондай ырду-дырдуға араласқым келмеді»

Оқи отырыңыз:  «Спектакльге қатысуға құлқым жоқ»: Ақберен Елгезек қызметінен кететінін мәлімдеді

Қатысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Экологиялық мәдениет – ұлттық сананың жаңа деңгейі

Ең қымбат ұғым

Бүгін, 18:37
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Жарқын болашақ

Бүгін, 17:30
Қыз тағдыры – ұлт айнасы

Отбасылық қолдау

Бүгін, 16:30
Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Бүгін, 15:00
Жетісу облысында өрт көрсеткіші өсті: Тұрғындарға қандай ескерту жасалуда?

Жалын жүрек, жас өрен

Бүгін, 14:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.