"Спектакльге қатысуға құлқым жоқ": Ақберен Елгезек қызметінен кететінін мәлімдеді

Уақыты: 05.04.2023
Оқылды: 829
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен елгезек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында шұғыл мәлімдеме жасап, қызметінен кететінен жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

"Спектакльге қатысуға құлқым жоқ" деп басталған хабарламаға желі қолданушылары әр түрлі пікір қалдырға. Бір тобы "дұрыс шешім" деп қабылдаса, енді бірі бұның да "сценарий" екенін айтып сенімсіздік білдірген. 

Желіде дау тудырған мәтін қаз-қалпында төмендегідей:

"Ардақты ағайын! Мен бүгіннен бастап Қазақстан жазушылары одағындағы қызметімнен ресми түрде кеттім. Келе жатқан Құрылтайда қойылатын спектакльге қатысуға құлқым жоқ. Ұлтымыздың ұлы әдебиеті жасай берсін", - деп жазды ол өзінің фейсбуктегі парақшасында.

Осылайша, әлеуметтік желіде халық көп талқылаған бензин "жырына" енді ақын мәлімдемесі қосылғандай.

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ