Талдықорған: +11°C
$ 510.59
€ 578.91
₽ 6.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БІРЛІК ТУЫ БИІК БОЛСЫН

02.03.2025
КҮНДЕРЕК
БІРЛІК ТУЫ БИІК БОЛСЫН

Кез келген қоғам,  кез келген мемлекет дамуды көздейді.  Ал даму құр сөз бен жалаң ұранға құрылмайтын,  тек тиімді қарекет пен оңтайлы бастамамен,  саяси реформамен жүзеге асады.  Дейтұрғанмен,  осындай үдерістерді жүзеге асыру үшін бірлік керек. Дана һәм Хакім Абай:  «Тірлік үшін бірлік керек,  бірлік болғанда,  ақылға бірлік қажет» дейді.  Демек,  даму тенденциясы қалыптасу үшін тірлік керек болса,  сол тірлікті шүбәсіз жүзеге асыру үшін халықтың,  қоғамның бірлігі қажет.  

Биыл халықтар достығының туын желбіреткен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр.  Осынша уақыт ішінде қоғамдық институт жан-жақты дамып,  қоғам талабына сай жаңғырды.  Бірлікке бастайтын ұстанымын уақыт үдерісіне орай жетілдірді. Жетісу өңірінде жыл көлемінде мерейлі датаға орай іс-шаралар жоспарын құрдық.  Мұндағы мақсат – 30 жылдықты атап өту ғана емес,  өңір халқының ынтымағын арттыру,  бірлік туын биіктету.

Қазақстан қазір дамудың даңғылына түсті.  Демократиялық үдерістің көшіне ілескен елде саяси реформалар жүзеге асуда.  Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың бастамасымен «Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасы қолға алынды.  Ол тиімді жүзеге асуда.  Билік пен халық арасы бұрын-соңды мұндай жақындыққа жетпеді.  Дейтұрғанмен,  мұндай үдерістер һәм тірліктер халық бірлігінің,  татулығының арқасында жүзеге асуда.  Мұны мойындау керек.  Ал халық арасында бірлікті қалыптастырып отырған бірден-бір қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Бұл институт құрылғандағы әу бастағы мақсат-мүддесі де осы.

Ұлан-ғайыр атыраптың тынысынан нәр алған Ұлы дала ұрпақтары бабалар ізін жалғап, дала қасиетін дәуірден дәуірге жеткізді. Сахара сары бел, орман-тау, айдын көл, ну қамысы мен шеңгелі, жусаны мен жыңғылының киесін арқалаған қазақ бабалардың қанымен, ананың сүтімен берілген сол қасиетті ХХІ ғасырда да жоғалтқан жоқ. Ол қасиет – қазақтың даладай кең пейілі, дарқан көңілі, жүректің ашықтығы, қолының жомарттығы, қонақжайлығы мен жанашыр, қамқор бола білуі, жығылғанды тұрғызуы, сүрінгенді демеуі, ақ дастарқанының байлығы, келген қонаққа бие мен түйе атап, жоқ болса соңғы атын, не ешкісін сойса да  қонақасын беруі. Бұдан асқан қасиет бар ма?

Қазақ даласына қанқұйлы коммунизмнің қылышынан қан тамған саясаты салдарынан өзге ұлт өкілдері ағылды.  Еркімен емес,  НКВД жендеттерінің мәжбүрлеуімен,  айдауымен.  Қыстың қытымырында далаға төгілген адамның қарасы да қалың еді. Орыс,  чешен,  ингуш,  татар,  кәріс өкілдері саяси қуғын-сүргіннен қажып,  аштықтан арып,  тізе бүгіп,  табан тіреген жердің халқы қайыр қылады деп күтіп пе?! Дейтұрғанмен,  қазақ қайдан келдің деп жатырқамады. Құшағын ашты. Қамқор болды. Сосын да мейірімін аямады. Ата-анасы жолда мерт болғандардың балаларын асырап алды. Құдай алдында туған баласынан кем қылмады. Үзім нанды балаларының аузынан жырып, жетімдердің аузына тосты. Бәрін де адам қатарына қосты. Бөтен елде зар-құсадан жоғала жаздаған қаншама халық тұтас ұлттың ажырамас бөлшегіне айналды. Міне,  қазақтың даладай даналығы. Міне,  қазақтың меймандос мейірбандығы.

Дәуір өтті.  Жаңа дәуір келді.  Қазақстан егемен ел болып,  өз даму даңғылына түсті.  Сонда да мәжбүрлі келгенді маңдайынан шертпеді.  Шекесінен түртпеді. Сан ғасыр қалыптасқан «жесірді жылатпау,  жетімді қаңғытпау»  танымынан аттамай,  болашаққа сапарында үзеңгілес келеді.  Достық пейілдің қылын үзбеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы да сол әлемнің өзге жұртында жоқ кеңпейіл мінезінен деп түйсінген абзал.

Қазақстан халқы Алғыс айту күнін атап өтеді.  Жай аталып өтпейді.  Думанды тойға ұласады.  Бұл күннің де өзегі Қазақстан халқы Ассамблеясына жалғанып тұр.  Жаратқан дарқан мінез дарытқан қазақ ұлтына алғыс айту күні ретінде қалыптасқан еді.  Сол саяси мәнінен төмендеген де емес.  Бірлік пен татулыққа бастайтын,  ымыраласып,  ынтымақпен күнелтуге үндейтін мереке. Сол мерекенің айшықты мәнін түйсінсек,  нұр үстіне нұр.  

Еркебұлан АҚБОЛАТОВ, 
«Қоғамдық келісім» КММ директоры
Фото: assembly.kz

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

21.05.2025
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21.05.2025
Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

21.05.2025
Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

21.05.2025
«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

21.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.