14 тамызда еліміздің бірнеше облысында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады, екпінді жел соғады. Сонымен қатар, күннің қатты ысуына байланысты көптеген аймақтарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Алматы облысында орталық, оңтүстік және таулы аудандарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз солтүстік пен оңтүстікте екпіні 15–20 м/с жетеді. 35–36°С қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстігі, батысы, шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Алматы қаласында күндіз найзағай, батыстан жел 15–20 м/с.
Қонаевта күндіз 35°С қатты ыстық, найзағай және желдің екпіні 15–20 м/с.
Жетісу облысында таулы аудандарда найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз 35–37°С ыстық. Талдықорғанда да 35°С ыстық сақталады.
Атырау облысында батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстікте найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болуы ықтимал. Жел 15–20 м/с, кей жерлерде төтенше өрт қаупі бар. Атырау қаласында күндіз найзағай, жел 15–18 м/с.
Қызылорда облысында солтүстікте найзағай, орталықта шаңды дауыл, желдің екпіні 23 м/с-қа дейін. Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі.
Маңғыстау облысында солтүстік-шығыста найзағай, солтүстік пен орталықта шаңды дауыл. Жел 15–20 м/с, көптеген аудандарда төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысында батыс, солтүстік, орталықта найзағай, жел екпіні 15–23 м/с. Кей аудандарда жоғары және төтенше өрт қаупі бар.
Ұлытау облысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл, жел екпіні 23 м/с-қа дейін. Жезқазғанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Желдің екпіні 23 м/с. Қарағанды қаласында таңертең және күндіз найзағай күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Жел 15–20 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі бар.
Павлодар облысында найзағай, кей жерлерде тұман, оңтүстікте дауыл. Жел 15–20 м/с.
Қостанай облысында қатты жаңбыр, бұршақ, тұман, жел 15–20 м/с. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Жел 15–20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында найзағай, тұман. Жел 15–20 м/с.
Астанада күндіз қатты жаңбыр, найзағай, желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.
Ақмола облысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, тұман. Желдің екпіні кей уақытта 28 м/с.
Жамбыл облысында таулы аудандарда найзағай, жел 15–20 м/с. Көптеген аудандарда төтенше өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл, тұман. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін.
Түркістан облысында жел 15–20 м/с, төтенше өрт қаупі сақталады.





