Талдықорған: +14°C
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БІЗДЕН БІР САУАЛ: ЖУРНАЛИСТ КІМ? БЛОГЕР КІМ?

28.06.2019
КҮНДЕРЕК
БІЗДЕН БІР САУАЛ: ЖУРНАЛИСТ КІМ? БЛОГЕР КІМ?
WhatsAppTelegramFacebook

АЛТЫН КӨПІР: Ақыл мен парасат айдынында жемісті желкен көтерген журналистердің арқалаған жүгі ауыр. Бұқара мен билік арасындағы алтын көпір міндетін де сол журналист қауым атқаруда. Әрбірі қаламгерлікпен қатар қайраткерлік тұрпат танытып, ел десе, жер десе алабөтен алашапқынға түсер, ұлы құндылықтарды құнттаған кеудесі кен жандар дер едім.

Олар өз мақсатынан гөрі ұлт мұраты жолында тер төгуге бейіл келеді. Журналистер қауымын «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген асыл теңеуден бөлек, елдік пен өрліктің алтын өзегі деп те асқақтата айтуға негіз бар.

Ал блогер деген кім? Ол ең алдымен бүгінгі жаһандану заманында технология тетігін меңгеріп, көңіліне келген дүниені айта салар, жаза салар, оны журналистей салмақтап жатпаса да, жарқыратып көрсетуге жаны құмар жандарға берілген жаңаша атау. Блогерлердің айтқан әрбір сөзі қоғам қажеттілігінен деп білу — қате ұғым. Әлеуметтік желіде белсенді, өз оқырмандары қалыптасқан блогерлердің жазбасын оқып та жүрміз. Олар әрбір тіркесінің талқылауға түскеніне мән беріп, ұлттық, елдік тұрғысынан өз ойларын ашық айтады. Оған қуанарсың. Алайда журналистердей кең сараптау, терең байыптау деген дүниеге бас ауыртпайды. Сондықтан, оларды осы бір ғана мысалмен журналистермен шендестіруге бола ма? Журналист деген қоғамның барометрі емес пе? Қасиетті жолдың иелері ақпарат таратумен қатар ағартушылық жолдың жанкешті майталмандары. Блогерді журналистермен салыстыруға болайды. Блогер – уақыт үні болса, журналистер ғасырлар бойы қалыптасқан, діңгегі берік, діңі мықты ел мен елдіктің, бұқара мен биліктің арасындағы алтын көпір.

Жанкүміс ЖӘМЕҢКЕ,
ҚР Мәдениет қайраткері

* * *

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖОҚ: Кез келген қоғамның рухани өрісі мен өсуі адамдардың әрекет-болмысы арқылы айқындалады. Журналист те, блогер де сол сан-салалы әрекеттің бір көрінісі. Желде салмақ жоқ, күш бар. Сол сияқты желдей ескен ақпарат саласында да билік жоқ, бірақ күш бар. Сондықтан, ақпарат таратудың өзіндік жауапкершілігі болады.

Блогерлерге байланысты айтсақ, біріншіден оларда жауапкершілік жоқ. Өмірлік тәжрибесі, белгілі деңгейде білімі жоқ болса да, пікір айтуға шетінен құмар. Ешкінің дауын атан түйе беріп сатып алатындар, сол арқылы ұпай жинап тез танымал болғысы келетіндері де жетерлік. Көп жылдар қалыптасқан ақпарат таратудың  дәстүрлі жолы сақталмаса, «өзім қожа, өзім би» деп илеуі кем, иіні қанбаған, сын көз, парасат сүзгісі жетіспейтін дүниесін  ақпарат кеңістігінде еркін таратса, тыйым-тосқауыл көрмесе, «еркіндік» деп жүргеніміз көргенсіздікке ұласып кетеді.

Нәтижесінде, көпшілікті көргенсіздікке тәрбиелеу процесі басталады. Блогер біткеннің бәрі осындай деген ойдан аулақпын. Уақытқа тән әлеуметтік мәні бар шындықтарды тап басып, дөп көрсете алатындары да баршылық.

С.Әшімбаев: «Мыңдарға, миллиондарға арнап кітап жазатын адамның ой-өріс, дүниетаным мен көзқарасы ең болмаса жүздерден биік тұруы керек», – дейді. Міне, осы қағида дәстүрлі журналистикада сақталған. Осы саладағылардың да барлығы күреңіне мініп, кемеліне толып жүрген жоқ, алайда жарым сөзге жарты әлемнің тағдырын сыйғызып жіберетін мықты журналистер бар. Ағысы қатты, аударысы көп мына дүбірлі дүниеде сөзден мәңгілік, сөз мәнісінен құдіретті еш нәрсе жоқ. Түйіндеп айтсам, журналист пен блогердің айырмасы бір ауыз сөзінен танылады.

Жұмахмет ЖАЙЛАУБАЕВ,

Қазақстанның Құрметті журналисі

* * *

«ЛАЙК» ҮШІН ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙМІЗ: Журналист деген кім деген сұрақ туады кейде. Әсіресе, бізді блогермен салыстырған тұста. Білем, қазір бәленбай оқырман жинап алған блогерлердің заманы шығар. Бірақ бір нәрсе анық, журналист деген ол — «лайк» пен «коммент» немесе «подписчик» үшін бес-алты ауыз сөз жазып, өз атын шығаратын адам емес!

Журналист деген, егер ол — нағыз журналист болса, жұрт жұмысы үшін жанын беретін адам! Рас айтам! Бұл пафос емес! Құлағанды демеп, жылағанның көз жасын жүртіп, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүгіріп жүріп, ақыры содан бір нәтиже шығаратын адам. «Бәлен балалы отбасы далада қалды немесе біреудің сарайында жүр ғой» деп жаны шырқырып жүгіріп жүрген талай журналистің өзінің де бала-шағасын тістеп, сүйреп пәтерден пәтерге қаңғырып жүргенін білем.

Болмаса, «бәленшенің бәтеңкесі жыртылып қалыпты» деген журналистің өзі жалаңаяқ жүруі мүмкін. Бірақ ол ешқашан біреудің алдына барып, «маған көмектес» демейді, үндемей, ешкімге білдірмей жүре береді. Ал жұрт жұмысы десе, кез келген кедергіні басып өтіп, кез келген есікті теуіп кіруі мүмкін.

Алысқа бармай-ақ қояйық, он жыл бұрын жазылып қойған кітабым тұр, Алаш арыстары жайлы, бірақ шықпай тұр. Себебі біреуді әке, біреуді көке деп алдына бару дегенді білмейді екенмін. Басқаша жасау қолымнан келсе, он жылда бір емес, 10 кітап шығарып қояр ма едім?! Бірақ осы, өзіме көмек сұрағаннан гөрі, маған біреуге сұраған оңай!

Себебі, сондай мамандық иесімін! Сондықтан мені, жалпы бізді, өз атына жұмыс істеп, елден ақша алып, елге ақыл айтатын блогерлермен салыстырмаңыздар. Біз оған өкпелеп қаламыз!

Иә, мүмкін, біздің бәленбай оқырманымыз жоқ шығар, иә, мүмкін, біз «жалаңаяқ» шығармыз, бірақ біз жұрт жұмысы үшін жаралған, содан рахат алатын абыройлы мамандық иесіміз!

Қадірлі журналист аға-әпке, құрбы-құрдас, әріптестерім, кәсіби мерекеміз құтты болсын! Жұрт жанашыры деген абыройлы атқа қызмет ете берейік! Осы жолдан жаңылмайық, түбі жақсылыққа апаратын жалғыз жол осы!

Мәриям ӘБСАТТАР,

журналист

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан біріншілігінен Әлем чемпионатына баратын тұңғыш футболшы

Қазақстан біріншілігінен Әлем чемпионатына баратын тұңғыш футболшы

01.04.2026
Тыйымның да терең мәні бар…

Тыйымның да терең мәні бар…

31.03.2026
Жастарға арналған кеңес беру пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді

Жастарға арналған кеңес беру пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді

31.03.2026
Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

31.03.2026
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.