Талдықорған: +21°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Қазақстан біріншілігінен Әлем чемпионатына баратын тұңғыш футболшы

1 сәуір 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР, ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстан біріншілігінен Әлем чемпионатына баратын тұңғыш футболшы
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл футболдан жазда АҚШ, Канада, Мексика елдерінде өтетін 23-ші Әлем чемпионатына қатысатын 48 елдің 46-сы белгілі болды.  Еуропа құрлығы бойынша өткен қосымша іріктеу ойындарында Түркия, Босния және Герцеговина, Чехия, Швеция жеңіске жетіп, төрт жылдықтың басты турниріне жолдама алды. «Астана» футбол командасында ойнайтын Иван Башич Қазақстан Премьер-лигасынан тікелей Әлем кубогына қатысатын тұңғыш футболшы. Босния және Герцеговина шешуші іріктеу ойынында Италияны матч соңындағы пенальтиден 4:1 есебімен жеңді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Қазақстан Премьер-лигасында Әлем чемпионатына қатысқан ойыншылар бар. Алайда Қазақстан чемпионатында жүріп Әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болған тұңғыш ойыншы – Иван Башич.

Иван Башич «Астанаға» 2025 жылдың жазында Ресейдің «Оренбург» клубынан ауысып келді. Өткен маусымда 23 жастағы ойыншы «Астана» сапында 11 ойынға қатысып 3 пас берді. Ал биылғы маусымда 3 ойында 1 гол (3-тур, «Тобыл» қақпасына), 2 пас (1-турда «Жетісумен» болған ойында) берді.

Ол Италиямен болған маңызды кездесуде ойынды негізгі құрамда бастап, екінші таймның ортасында алмастырылды. Ойынның негізгі бөлігі 1:1 есебімен аяқталып, матч соңында 1:4 нәтижесімен Италия жеңілді. Осылайша Босния және Герцеговина екінші рет әлем чемпионатына (2014 жылы қатысқан) қатыспақ. Ал 2006 жылғы әлем чемпионы болған Италия қатарынан үш (2018, 2022 және 2026 жылғы) әлем чемпионатына лицензия ала алмады.

Араға 24 жыл салып Түркия құрамасы Әлем кубогына қатысады (2002 жылы қола медаль алды). Түріктер Косовоны 1:0 есебімен жеңді. Чехия өз алаңында Данияны ойын соңындағы пенальти бойынша ұтып, Швеция Польшаны 3:2 есебімен басым түсті.

Әлем кубогына қатысатын 46 ел белгілі болды. Енді екі жолдама Ирак пен Боливия, Конгомен Ямайка арасындағы жеңімпазға бұйырады.

Қатысты жаңалықтар

Жыр болған көпір жаңара ма?

Жыр болған көпір жаңара ма?

Бүгін, 10:00
Жаратылысы бөлек Жарасқан

Жаратылысы бөлек Жарасқан

Бүгін, 09:00
Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.