Талдықорған: +27°C
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Cапалы өнім алудың сыры

02.06.2026
КҮНДЕРЕК
Cапалы өнім алудың сыры

stud.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Жеміс дақылдары Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында аса маңызды рөл атқарады. Алайда соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес жеміс-жидек алқаптарының көлемі 20%-ға дейін қысқарғаны байқалады.

Бұл төмендеудің бірқатар факторы бар. Олардың ішінде агротехникалық талаптардың сақталмауы негізгі себептердің бірі. Өсімдіктердің өсіп-өну кезеңіне дейін жүргізілетін негізгі күтіп-баптау шараларына ағаштарды кесу, бақтарды санитарлық тазалау және аурулар мен зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстары жатады. Ал өсіп-өну кезеңінде өсімдіктерді қорғау құралдары мен тыңайтқыштарды дұрыс және белгіленген мөлшерде қолдану мөлшерлерінің сақталмауы өсімдіктердің әлсіреуіне, өнімділіктің төмендеуіне және жеміс сапасының нашарлауына әкеледі. Осыған байланысты жеміс дақылдарын өсіп-өну кезеңінде қорғау тек өнімді сақтау мақсатын көздемей, аурулар мен зиянкестердің алдын алуға және өсімдіктердің физиологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Сондықтан өсімдіктерді күтіп-баптаудың ғылыми негізделген жүйесін ендіру, оның ішінде біріктірілген өсімдіктерді қорғау қағидаттарын қолдану ерекше маңызды.

Тиімді қорғау жүйесі әрдайым алдын алу шараларынан басталады. Бұл ретте агротехникалық шаралардың маңызы зор, атап айтқанда, зақымданған бұтақтарды кесу, ауру қоздырғыштары сақталуы мүмкін жапырақтар мен өсімдік қалдықтарын жинап, жою. Мұндай шаралар бақтағы инфекция қорын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Өсіп-өну кезеңінде фунгицидтерді дұрыс әрі дер кезінде қолдану ағаштардың ұзақмерзімді өнімділігін сақтауға және жеміс беру қабілетін арттыруға ықпал етеді. Тәжірибеде бастапқы кезеңдерде жанаспалы препараттар, ал инфекция қаупі жоғарылаған жағдайда өсімдік тініне еніп, ұзақ әсер ететін жүйелік препараттар қолданылады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес пестицидтерді қолдану тек мемлекеттік тіркеуден өтіп, бекітілген тізімге енгізілген препараттар аясында жүзеге асырылады. Осыған сәйкес тәжірибеде мыс құрамды препараттар («Косайд»), жүйелік фунгицидтер («Альетт», Фосэтил), бактериялық ауруларға қарсы препараттар («Фитолавин», «Касумин») кеңінен қолданылады. Аталған препараттар саңырауқұлақ және бактериялар қоздыратын ауруларға қарсы жоғары тиімділігімен ерекшеленеді.

Қазіргі таңда өсімдіктерді қорғау жүйесінде биологиялық әдістердің де маңызы артып келеді. Бұл бағытта өсімдік ауруларымен күресуде пайдалы микроорганизмдер мен биопрепараттарды қолдану химиялық жүктемені төмендетуге және экологиялық қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.

Өсіп-өну кезеңінде агротехникалық және өсімдіктерді қорғау шараларын дұрыс және жүйелі түрде жүргізу – жеміс дақылдарынан жоғары сапалы әрі тұрақты өнімін алудың негізгі шарттарының бірі.

А. ЖАМАЛБЕКОВА,
Ж. Жиембаев атындағы
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық нигилизмге қарсы батыл шаралар қолдануды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық нигилизмге қарсы батыл шаралар қолдануды тапсырды

02.06.2026
Президент «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын орындауды конституциялық міндет деп жариялады

Президент «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын орындауды конституциялық міндет деп жариялады

02.06.2026
Мемлекет басшысы GREEN ЕСО жылыжай кешенімен танысты

Мемлекет басшысы GREEN ЕСО жылыжай кешенімен танысты

02.06.2026
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыруды тапсырды

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыруды тапсырды

02.06.2026
Президент Алатау қаласын дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындады

Президент Алатау қаласын дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындады

02.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.