Талдықорған: +15°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ДАЛАНЫҢ ҚАЗАҒЫ ЕДІ»: БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕКТІҢ ОТБАСЫ ТАҒЫ ДА ҚАРА ЖАМЫЛДЫ

24 қыркүйек 2020
КҮНДЕРЕК
"ДАЛАНЫҢ ҚАЗАҒЫ ЕДІ": БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕКТІҢ ОТБАСЫ ТАҒЫ ДА ҚАРА ЖАМЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Белгілі тележурналист, «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламаларын жүргізген марқұм Бейсен Құранбектің әкесі Абай да өмірден өтті. Ауыр қаза қазақ халқының қабырғасын қайыстырып жіберді.

Әлеуметтік желі арқылы көңіл айтушылардың санында есеп жоқ. Солардың бірі, фотограф Жеңіс Ысқабай: «Ол жаққа да жақсы адам керек екен. Жатқан жеріңіз жайлы болсын Абай ақсақал!», — деп жазса, әдебиетші, қаламгер, журналист Есболат Айдабосын Бейсеннің әкесі туралы жүрек тебірентерлік естелік қалдырды.

«Қашан көрсең айналасына елді үйіріп қойып әңгіме айтып отыратын. (Бұл қасиеті Бейсен ағаға да жұққан) Кейде тосыннан сұрақ қойып састыратыны бар, қалжыңы да әркез «қалтасында» жүретін. Әсіресе Жалайырдың (қайын жұрты) жігіттерін жезде боп қажағанды жақсы көреді. Бір күні дастархан басында:

— Е, жалайырлар озды ғой, — деді әлдебір әңгіменің шетін шығарып.

— Е, қалай? — дедім тыңдауға бейіл танытып.

— Ғарышқа да бірінші ұшты, — деп тоқтады. (Айдын Айымбетов ғарышқа барып қайтқан кез болатын. Есіме сол түсті, Талдықорғаннан, яғни Жалайыр шығар деп ойладым. Бірақ Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев бар емес пе?!)

— Қалай бірінші болады? Тоқтар мен Талғат бар емес пе? — дедім өзімше білгішсініп.

— Өй, енді күшіктер емес пе бірінші ұшқан, — деп қарап отыр. Ғарышкер Белка-Стрелка мен бірге Жалайырдың ішінде Күшік деген рудың бары есіме қатар түсті. Ағаның қалжың-қағытпадан құрған қақпанына түскенімді сезіп қарқылдап күлдім. Әзілінің өткеніне о кісі разы.

Сөйткен Абай аға да көшіпті жалғаннан. Нағыз даланың қазағы еді, «ерке өскен, әлі күнге еркелейді» деп қоятын Бейсекең марқұм. Иманы жолдас болсын, бұ дүниеде көрмеген жақсылығын о дүниеден көрсін! Артында қалған берекесі бала-шағасына дарысын!» — деп жазды Есболат Айдабосын.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Әдіскерлерге арналған кітап бұрышы ашылды

Әдіскерлерге арналған кітап бұрышы ашылды

Бүгін, 12:25
Ұлттық статистика: Цифрлық дәуірдің жаңа мүмкіндіктері

Ұлттық статистика: Цифрлық дәуірдің жаңа мүмкіндіктері

Бүгін, 12:17
Астық экспорты: Теміржол арқылы 12.1 млн тонна өнім тасымалданды

Астық экспорты: Теміржол арқылы 12.1 млн тонна өнім тасымалданды

Бүгін, 11:30
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдар мен қымбат мүлікті тексеретін жүйе қалай жұмыс істейді?

Бүгін, 11:00
Enbek.kz хабарламалары Aitu мессенджері арқылы жіберіледі

Enbek.kz хабарламалары Aitu мессенджері арқылы жіберіледі

Бүгін, 10:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.