Талдықорған: +19°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Достық – экономикалық мүмкіндіктер алаңы

25.04.2026
КҮНДЕРЕК
Достық – экономикалық мүмкіндіктер алаңы

Қанат Мақанұлы

WhatsAppTelegramFacebook

Әлемнің сауда саясаты жаңа серпін алды. «Текеметтің түріндей күнде түрленген» жаһандық геосаяси ахуал өз салдарын тигізуде. Дейтұрғанмен, Қазақстан тап қазір әлемдік сауда транзитінің бел ортасында. Еліміз өз рөлін әлдеқашан айқындап алды. Шыны керек, берілген мүмкіндікті орайына сай пайдалану да қажет. Мемлекет басшысы ел үкіметіне әлемдегі тоғызыншы территорияны еншілеген ұлан-ғайыр ел аумағында тауарды кедергісіз тасымалдау жүйесін қалыптастыруды тапсырған-ды. Сол жүйелі тапсырманың өзегінде жүк тасымалдауға арналған шекара маңындағы қызмет сапасын жақсарту міндеті тұрды. Нәтижесінде былтыр бірқатар өткізу бекеті уақыт талабына сай жаңғыртылды. Кеден саласын цифрландыру да күн тәртібінен түспеді. Сандық технологияның көмегімен айтулы сала үлкен үдеріске қол жеткізді. Жетісу өңірінде тұтынушысы көп Еуропа мен өндірісті ел Қытай арасындағы ХХІ ғасырдың керуені өтетін «Достық» шекаралық аймағы бар. Өңірдің өз алдына облыс болып құрылып, шаңырағын тіктеген 4 жылдың ішінде шекаралық аймақ экономикалық мүмкіндіктер алаңына айналды.

Бүгінде Еуропа мен Азияның арасында жүк тасымалдайтын ХХІ ғасырдың маңызды керуен өткеліне айналған Достықтың негізі өткен ғасырдың 60 жылдары қаланған. Алатау және Барлық жоталарының ортасында, дәл Жоңғар қақпасында орналасқан елді мекен Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласынан 160 шақырымда орналасқан. Бұл – Қазақстан мен Қытай шекарасындағы маңызды теміржол станциясы. Дәл осы орналасуы шағын елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайды. «Достық» кеден бекеті – Қытайдағы Алашанькоу станциясымен бірлесіп жұмыс істейтін негізгі өткізу пункті. Соңғы жылдары шекарадағы халықаралық стансыны дамыту мақсатында жүк ағыны мен транзитті ұлғайту, өткізу пункттерін жаңғырту бойынша нақты шаралар қабылдануда. Мемлекет басшысының тапсырмасымен былтыр Достық – Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдың құрылысы аяқталды. Нәтижесінде Достық – Мойынты учаскесінің өткізу қабілеті 5 есеге, тәулігіне 12-ден 60 жұп пойызға дейін артты. Ал жүк айналымы жылына 30 млн. тоннаға дейін жетті. Стансыдағы «Алакөл» бекеті ауқымды жаңғыртудан соң өткізу қабілетін едәуір арттырып, қозғалыс жолақтарының саны 2-ден 6-ға дейін артты. Нәтижесінде бекеттің өткізу қабілеті тәулігіне 4 есеге дейін ұлғайып, 200 көліктен 800 көлікке дейін өткізу мүмкіндігі туды. Сонымен қатар, бұл жерде фитосанитарлық, санитарлық және ветеринарлық бақылау қызметтері жұмыс істейді, ал шекаралық бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті құзырында.

Жетісу облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің «Алакөл» кеден бекеті басшысының орынбасары Жандос Көпбаевтың айтуынша, бекет күніге 12 сағат жұмыс істейді. Тәулігіне 800 автокөлікпен қатар 2000 жолаушы өткізу мүмкіндігі бар. «Алашанькоу» мен «Алакөл» кеден бекеттері арасында 4 автобус әрі-бері қатынап, жолаушы тасымалдайды. Оның 2-еуі қазақстандық, 2-еуі Қытай тарапынікі. Ал паспорттық бақылау пункттінде жайлылық пен қолайлылық байқалады. Қоңсы елден келген автобустан түскен жолаушылар бекеттен алаңсыз өтуде. Олардың қатарында Шәкен Рысқұл да бар. Айтуынша, шекарадан өту үдерісі әбден оңтайландырылған.

– Бірнеше күн бұрын көрші елдегі ағайындарға барып келмекке «Қорғас» арқылы өткенмін. Енді «Алакөл» бекетінен өтіп келемін. Былтыр да солай еткенмін. Шекарадағы қолайлылық екі ортада алаңсыз жүруге мүмкіндік береді. Қытай тарапы жаман деп айта алмаймын. Бірақ, біздің кеден қызметкерлері сыпайы. Балалармен және үлкен кісілерді кезексіз өткізеді. Сонымен қатар, әрдайым көмектеседі: ауыр сөмкені көтеріседі, балаларға қолдау көрсетеді. Сканерден өткенде де алдын ала ескертіп, бәрін түсіндіреді. Осындай мәдени қызмет көрсетуі көңілге медет, – дейді жолаушы.

Шәкен Рысқұлдың айтуынша, цифрландырудың арқасында жаңа сканерлер орнатылып, тексеру уақыты айтарлықтай қысқарған. Бұрын бұл үдеріс екі сағаттан асса, қазір 10-15 минутта аяқталады. Цифрландырудың оң нәтиже беріп жатқанын кеден бекеті мамандары да алға тартып отыр. «Алакөл» кеден бекетінің бас маманы Дамир Абраловтың айтуынша, көлік өткізу әлеуеті 2 есе артқан.

– Бұрын инспекциялық тексеру кешенінен сағатына 20 автокөлік өтетін болса, қазір жаңа технологияның арқасында өткізу қабілеті екі есеге артып, өткізу уақыты қысқарды. Ескі тексеру кешенінде кеден бекетінен өту үшін жүргізушілер көліктен түсуге міндетті еді. Қазір көліктен түспейді. Бұрын көлікті сканерлеуге 3-4 минут уақыт кететін. Сол уақытта сағатына бар-жоғы 18-20 көлік өткізетінбіз. Қазір жағдай мүлдем өзгерді. Көлік өткізу 2 есеге ұлғайды. Тағы бір оңтайлы жайт, алдағы уақытта жасанды интеллект негізіндегі NucMind бағдарламасын енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл декларацияланбаған жүктерді анықтауды жеделдетеді. Қазір барлық көлік екі бағытта толық сканерленіп, құжаттағы жүк пен нақты жүк салыстырылады. Ереже бұзушылық анықталса, жедел шаралар қабылданады, – дейді.

Дамир Абраловтың айтқанындай, көлік сканерден өткен соң бейнелер кеден бекетінің жедел басқару орталығындағы мониторға шығарылады. Мұндағы мамандар елге кіргізілетін және шығарылатын барлық жүкті мұқият тексереді. Экраннан жүктің үлкен-кішілігіне қарамай анық көрінеді екен. Бұрын көліктердің бекеттен өтуі үшін ұзын сонар кезегі қалыптасатын. «Алакөл» кеден бекеті басшысының орынбасары Жандос Көпбаевтың айтуынша, ондай мәселе келмеске кеткен. Себебі, «CarGoRuqsat» электронды кезек жүйесі енгізіліп, бірыңғай цифрлық орта қалыптасқан. Бұл жүйе ашықтықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін толықтай жояды. Айтпақшы, Жандос Көпбаев өткен жылы «Алакөл» кеден бекеті еліміздегі «Ең үздік бекет» деп танылғанын алға тартты.

Шекаралық аймақта көлік-логистикалық орталықтарды дамыту мәселелері де назардан тыс қалмаған. Бұл маңда бір мезетте 2 мыңнан аса көлік қабылдай алатын «А» санатындағы «Dostyk Auto Hub» ЖШС-ның сервис кешені жұмыс істеп тұр. Бұл кешен 20 гектар аумақта орналасқан. Сонымен қатар, 132 бөлмелі, 260 орынды қонақүй кешені жұмыс істейді. Мұнда логистика тиімділігін арттыратын және тасымалдау үдерісін қатысушылар үшін жағдайды жақсартатын заманауи ифрақұрылым бар. Серіктестіктің атқарушы директоры Нұрсат Дәулеттің айтуынша, мұнда 30-дан астам адам вахталық әдіспен жұмыс істейді. Қызметкерлерге жол, тамақ және жатын орын тегін беріледі. Жалақы тұрақты төленеді. Алдағы уақытта тағы да 30 жұмыс орны ашылады. Айтпақшы, кешен қызметкерлерінің бәрі «Достық» стансысына жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары.

– «Dostyk Auto Hub» – халықаралық тасымалдардың тиімділігін арттыру және жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шекарада құрылған заманауи логистикалық хаб. Бұған шамамен 700 млн. теңге инвестиция салынды. Оның құрамына заманауи қонақүй, тамақтану орны, шағын супермаркет және «CarGoRuqsat» электрондық кезек үшін тегін жинақтау алаңы кіреді. Бұл көлік қозғалысын реттеуге, кіреберіс жолдарға түсетін жүктемені азайтуға және шекарадағы кезек күту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, – дейді Нұрсат Дәулет.

Қытайдан көлігіне жүк артуды мақсат еткен әзербайжандық Имран Кокларов сервис кешенінің жұмысына оң бағасын беріп отыр. Айтуынша, біршама елді аралаған жүргізуші шекара маңындағы жұмысты үйлестіруде Қазақстанның алға озып тұрғанын алға тартты.

– «Алакөл» кеден бекетіне келмес бұрын өзге жүргізушілерден жөн сұрадым. Олар да бұл маңнан екі-үш жыл бұрын өтіпті әрі біршама уақыт жоғалтқан екен. Қазір мұндағы үдерісті көз көрді. Өзге елдермен салыстырмалы тұрғыда бұл бекеттегі жағдай көңіл қуантады. «Dostyk Auto Hub» кешеніне ризашылығымды білдіремін. Қазақ халқы қай кезде де қонақжай. Кешен қызметкерлері электрондық кезекке тұруға жәрдемдесті. Бастысы, «Достықта» тәртіп барына көз жетті, – дейді Имран Кокларов.

Шекара айлағындағы әлеуетті нысандардың бірі – «Digital Silk Road Company» ЖШС-ның уақытша сақтау қоймасы. Бұл кәсіпорын 2023 жылы құрылған және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті құрамына кіреді. Мұнда кросс-докинг қоймасы, кеңселер, уақытша сақтау қоймалары және автотұрақ орналасқан. Қойманың тәуліктік өткізу мүмкіндігі 200-250 жүк көлігі, жүк айналымы 250 тонна. Жылдық әлеуеті 1,2 миллион тоннадан асады. Мұндағы барлық үдеріс цифрландырылған, көліктер QR код арқылы тіркеледі. Жалпы, «Digital Silk Road Company» – жаңа буынның сервистік компаниясы. Ол заманауи цифрлық логистикалық инфрақұрылымды қалыптастырып, Қазақстанның негізгі транзиттік бағыттарындағы өткізу қабілетін арттыруға ықпал етеді.

Шекара айлағындағы инфрақұрылымның дамуы, цифрландыру мен жасанды интеллектің енгізілуі нәтижесінде ашықтық артып, көлік ағындары тиімді басқарылуда. Осындай етжеңді үдерістен кейін тауар жеткізу жылдамдығы артып, оның бағасына да оң әсерін тигізуде.

Дастанбек САДЫҚ,
Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Достық – экономикалық мүмкіндіктер алаңы

Достық – экономикалық мүмкіндіктер алаңы

25.04.2026
«Қойтас» эко-саябаққа айналады

«Қойтас» эко-саябаққа айналады

25.04.2026
Достықтың бастауы

Достықтың бастауы

24.04.2026
Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

24.04.2026
Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.