Талдықорған: +13°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Дурак» шынымен ақымақ па?

06.02.2025
КҮНДЕРЕК
«Дурак» шынымен ақымақ па?
WhatsAppTelegramFacebook

Әр фильмнің өз миссиясы бар. Оны көрермен алдында орындау – басты парыз. Бірі қоғамдағы келеңсіздіктерді көрсете отырып ойландырса, енді бірі жаһандағы бассыздықтарды басты назарға ала отырып толғандырады. Ондай туындыны көрермен де айрықша қабылдап, қорытынды жасап, әсерін баршаға жария етіп жатады. Бүгінгі біз мазмұндайтын туынды  «Дурак» әлеуметтік драмасы (Ұран сөзі – ол барлығын құтқарып үлгере ме?). Ресейлік режиссер Юрий Быковтың басқаруымен (сценарийін де өзі жазды)  2014 жылы жарыққа шықты.

Сюжетке қысқаша тоқталсақ. Жас сантехник, қосымша инженер-құрылысшы мамандығында оқитын Дмитрий Никитинді кешкісін үлкен жатақханадағы су құбырының істен шығуына байланысты шақыртады. Ол болса 800 адам тұрып жатқан жатақхананың қабырғасы сөгіліп, апатты жағдайда тұрғанын көреді. Үйіне барғанымен ұйқысы қашып, жатақханадағы жандарды құтқарудың қам-қарекетіне кіріседі. Түн ортасында анасының қалалық әкімшілікте істейтін есепші танысы арқылы қаланың мэрі Нина Галаганованың мейрамханада 50 жасын тойлап жатқанын біліп, сол жаққа барады. Дмитрийдің сөзінен кейін мэр тез арада мейрамхананың кіші залында барлық шенеунікті жинап, бәріне қауіп төніп тұрғанын ескертеді. Егер жатақхана құлайтын болса қанша жылдан бері бюджеттен жөндеуге деп бөлінген қаражаттың есебі сұралып, бір-бірімен байланыста болған шенеуніктер шетінен ұсталып, үлкен масштабтағы коррупция болмақ. Бастапқыда қала мэрі тұрғындарды құтқарудың амалын ойластырып, бар мүмкіндікті көреді. Соңғы үміті болған құрылыс фирмасының басшысы тұрғындарды жаңа үйге уақытша орналастырудан бас тартады. Сол сәтте қала мэрінің орынбасары Богачев басшысына кеңес айтады және оны олар орындайды. Ол кеңес – мейрамханада күтіп отырған төтенше жағдай бойынша бастық Матюгин мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің басшысы Федотовты «қаладан қашып кетті» деген жаламен тез арада көздерін құрту. Дмитрий үшеуін «жатақханадағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруді бастадық» деп алдап алып шығып, тасада өлтірмек болады. Ал Федотов болса жас сантехниктің еш қатысы жоқ екенін айтып, жіберуін өтінеді. Жалдамалы баскесер де Дмитрийге таңға дейін отбасын алып қаладан кету керектігін және бұл оқиғаны ешкімнің білмеуін ескертеді. Бір өлімнен аман қалған Дмитрий үйіне жүгіре кіріп, дереу керек-жарақтарын жинап, отбасын алып қаладан шығып кетпек болады. Көлік жүргізіп отырған Дмитрий жолдан қабырғасы ортасынан жарылған зәулім жатақхананың бейқам, тып-тыныш тұрғанын көріп налиды. Машина ішінде әйелімен сөзге келіп, баласы екеуі кете беруін өтініп, жатақхана тұрғындарын құтқару үшін жол ортада қалып қояды. Жатақхананың әр есігін қағып үйдің құлайтындығын ескертіп, барлық тұрғынды далаға шығарады. Соңында сыртқа шыққандар арасынан араққа сылқия тойған адам Дмитрийді бір ұрып, тыста тұрғандарды қарсы қояды. Көптің соққысының ортасында қалған Дмитрий қозғалыссыз жерде жатты, ал тұрғындар еш уайымсыз жатақханасына қайта кіріп кетті.

Бүгінгі көп режиссерлер әлеуметтік тақырыпты қозғауға тәуекел жасай бермейді. Кинодан түсетін кассалық есепті ескереді, көрермендердің аудиториясын тексереді. Содан кейін барып іске кіріседі. Режиссер Юрий Быков «Әлеуметтік құндылықты, адами қағиданы көрсетуге тырыстық. Ал ол адам бойынан ада болса, ол – ақымақ» деп қысқа қайырады. Бұл фильм арқылы көп адамды жатақхана емес, қоғам құлдыраудың алдында тұрғанын ескересің. Кейінгі жылы Жетісуда жақсы туындылар түсіріп жүрген топтың ішінде  оператор, жарық қоюшы Ризат Қыдыралин «Быковтың бұл фильмі қатты ұнады. Айтары бар фильм. Жақсы туындылар санатына қосамын, – дейді. 

Танымал kinopoisk.ru сайтында «Дурак» киносының рейтингі – 8,1 ұпай. Аталған сайтқа әлем бойынша кіріп қарап, ұнатқандар 93 пайыз болса, Ресейдің өзінде 73 пайыз адамның көңілінен шықты. Дәл осындай тақырыптағы фильмдердің кассадан табатын қаражаты аз болғанымен ғаламтордағы қаралымы жақсы, пікірлер де сан алуан. Режиссер киноның соңындағы сәтті талқыға қалдырып, әр көрерменнің түсініп-қабылдап шешім шығаруына мүмкіндік жасайды. Ал Быков қаумалаған көрерменнің көкейіндегісіне «басты кейіпкер өледі және біз фильмді аяқтайтын бірнеше эпизодтарды түсіргенбіз, соңында бәрін сыпырып тастап, көп тепкісінің астында қозғалыссыз қалған басты кейіпкердің бейнесін қалдырдық. Оқырман өзі ой айтар, шешім қабылдар» дейді. 

Быковтың «Дурак» фильмі елімізде де танымал. Шыққан жылы-ақ көрермендер ықыласына бөленді. Сайттағы фильмнің астына әсерін жазған көрермендер қатарында есім-сойымы қазақ жандарды да жолықтырдық. Олар «Айтары бар фильм. Бүгінгі қоғамның шындығы. Ал шындыққа бағытталып жасалған туындылар мәңгі жасайды. Уақыт өте келе тарихқа айналады» деген пікірді де көрдік. 

Алғашқы талдауымызды ресейлік фильмнен бастауымыздың да өзіндік сыры бар. Оспадар әзіл мен қалжыңнан көз ашпай кеткен бүгінгі қазақ киносына да Быковтың «Дурак» сынды фильмі керек. Қоғам көзін ашып, өз бағыт-бағдарыңды тану үшін де айтарлықтай үлес қосатын туынды.    

Серік ҚАНТАЙ
Фото: cheepok.livejournal.com

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» финалдың бірінші күні жеңіске жетті

«Жетісу» финалдың бірінші күні жеңіске жетті

11.04.2026
IT-қызметтер экспорты 1 млрд долларлық межеден асты

IT-қызметтер экспорты 1 млрд долларлық межеден асты

10.04.2026
Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарада бейресми кездесу өткізеді

Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарада бейресми кездесу өткізеді

10.04.2026
Жетісу өнеркәсібінің ардагері Қуаныш Әжмағамбетов өмірден озды

Жетісу өнеркәсібінің ардагері Қуаныш Әжмағамбетов өмірден озды

10.04.2026
QazCopyright: авторлық құқықтарды басқару толық цифрландырылды

QazCopyright: авторлық құқықтарды басқару толық цифрландырылды

10.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.