Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Джеки Чан Қазақстанда: «Доспехи бога: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды

9 шілде 2026
КҮНДЕРЕК
Джеки Чан Қазақстанда: «Доспехи бога: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Алматыда әлемге әйгілі актер Джеки Чанның қатысуымен «Armour of God: Ultimatum» («Доспехи бога: Ультиматум») халықаралық көркем фильмінің түсірілімі ресми түрде басталды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Кино саласындағы бұл ауқымды жоба Қазақстанның мәдени, туристік әлеуетін арттырып, кинотуризмді дамытуға жаңа серпін бермек.

Салтанатты іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен халықаралық киноиндустрия өкілдері қатысты. Министр Аида Балаева Джеки Чанның Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтіп, шығармашылық топқа табыс тіледі.

«Қазақстан мәдениетін әлемдік аренада танытуға және екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтуға қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіремін. Алдағы түсірілім жұмыстарына сәттілік тілеймін», – деді Аида Балаева.

Әйгілі актер кездесу аясында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері мен талантты жас суретшілермен сұхбаттасты. Ол жас кинематографистерге үздіксіз ізденістің және өз ісіне деген адалдықтың маңызын айтып, шығармашылық жолдарына сәттілік тіледі. Өз кезегінде жастар актерге портреттерін тарту етті.

Жобаны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қытайдың мемлекеттік China Film Group Corporation компаниясы қолдап отыр. Фильмді қазақстандық Sәlem Entertainment және гонконгтық Billion Target компаниялары бірлесіп түсіреді. Картинаның қоюшы режиссері – отандық маман Роберт Кун.

Түсірілім 2026 жылғы шілде мен қазан айлары аралығын қамтып, Алматы қаласы мен Алматы және Маңғыстау облыстарында өтеді. Туынды кең халықаралық прокатқа жол тартпақ. Мұндай ірі жоба Қазақстанды әлемдік деңгейдегі кино алаңы ретінде танытып, инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтеді. Еліміздің табиғаты мен мәдениетін әлемге паш ететін бұл картина – отандық киноиндустрия үшін зор мүмкіндік. Саяси және мәдени байланыстарды нығайтатын кинотуындының нәтижесін жанкүйерлер асыға күтеді.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Бүгін, 20:06
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Бүгін, 19:43
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Бүгін, 19:39
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Бүгін, 17:50
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Бүгін, 17:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.