Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Еңбек – елдің тұтқасы

07.03.2025
КҮНДЕРЕК
Еңбек – елдің тұтқасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай биыл елімізде «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланғаны анық. Осыған байланысты Жетісу облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен аймақтағы әр аудан, қала кітапханаларында «Еңбекпен ер атанған» көш керуен жобасы қолға алынуда.

Аталған мәдени шара Талдықорған қаласына қарасты Мойнақ ауылындағы №6 кітапханада жалғасын тапты. Ауылдық мәдениет үйінде өткен іс-шарада «Еңбек – елдің тұтқасы» тақырыбында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың елі үшін сіңірген ерен еңбектері, социалистік еңбек ерлері  Нұрмолда Алдабергенов, Зылиха Тамшыбаева туралы жазылған кітаптар мен «Жетісудың жұлдызы», «Жер туралы жыр» сынды жыр жинақтары қойылған. 

Еске сала кетсек, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы:
– Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. «Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді»,– деп айрықша атап айтқан еді .

Жиналған ауыл тұрғандары алдында сөз алған Талдықорған қалалық кітапханасының басшысы Күлпан Сейітжанова көш керуен  жобасының негізгі мақсаты – еңбек адамдарының жетістіктерін дәріптеу, жастарды адалдыққа және жауапкершілікке тәрбилеу, жұмысшы мамандықтарының тарихы мен заманауи мүмкіндіктерін таныстыру екенін жеткізді.

 – Кітап – рухани  қазына, адам жан дүниесінің жауһары.  Бүгінгі көш керуен жобасының қарапайым мамандық иелері үшін де, оқырман қауымы мен жастар үшін де маңызы зор.  Себебі, бұл шарадан жастар кітап оқуға шабыт алып, ұлт мақтанышына айналған ұлы тұлғалардың өмірбаян, еңбектерімен танысады. Ал қарымды қаламгерлеріміздің еңбегі елге дәріптеледі. Мен ес білгелі осы кітапты азық етіп, жастанып жатып оқитын кітапқұмар оқырмандардың бірімен. Жалпы кітап адамның ой-өрсін кеңейтіп, білімін шыңдайтын бірден бір құрал болғандықтан, мұндай шараларды жиі өткізіп тұрудың көпке тигізетін көмегі зор,– дейді  ауыл ақсақалы, оқырман Темірбек Тынышбаев.

Шара соңы жұмысшы мамандарының құрметіне арналған өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, мың бұралған билер орындалып, әсем сазды әндер шырқалды.

Айдын КӘЛІМХАН

 

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.