Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Еңбекпен қатайған Қанат

28 қаңтар 2025
КҮНДЕРЕК
Еңбекпен қатайған Қанат
WhatsAppTelegramFacebook

Әлемнің ұлы  ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби: «Ісім оңсын десең, сол істің маманы болыңыз, даңқым шықсын десеңіз, көпшіліктің адамы болыңыз» депті. Әлбетте, мамандық – адам өмірінің бір бөлшегі,  оның алатын орны мен маңызы зор. Біз тілге тиек еткелі отырған «Көркейту» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде шебер болып еңбек ететін Қанат Телманов  та мектепті бітірген соң  «дәнекерлеуші» мамандығында оқып, білім алды.

Оның сөзінше, өз қатарластары арасында галстук тағып, жұмсақ креслода отырып жұмыс істегенді  құп көретіндердің  қатары көп болған.  Алайда бала күнінен әкесінің: «Адамды бақытқа  балайтын – еңбек» деген сөзі  оның өмірлік  ұстанымына  айналып, 9-сыныпты бітірген жылы қаладағы №19 кәсіптік колледжіне  «дәнекерлеуші» мамандығына оқуға түседі. 

– Адам   өмірге келген күннен  еңбекпен тығыз байланыста болады.  Еңбек – адамның  екінші анасы ғой.  Талдықорғандағы №19 кәсіптік колледжіне «дәнекерлеуші» мамандығы бойынша 3 жыл оқыдым. Алайда  мамандығым бойынша бірден жұмыс таба алмадым. Содан қаладағы «Көркейту» ЖШС-іне жұмысшы болып орналасып, 10 жылдан аса уақыт осы мекемеде еңбек етіп келемін. Жай жұмысшыдан шеберге дейін өстім. Қазір   қарамағымда 14 адам бар.  Қысы-жазы қаланың тазалығы мен көркейту жұмыстарын атқарамыз. Негізгі жұмысымыз –  орталық  алаң маңы, орталық және  «Ардагерлер», «Жеңіс» саябақтары, «Қаратал» шағынауданындағы жағалауды абаттандыру, қаладағы бірнеше  көшені тазарту.  Қыс кезінде көбіне қар тазалау жұмысын атқарамыз. Аптаның 5 күні ертеңнен кешке дейін, сенбі күні түске  дейін жұмыс істейміз. Ал қар қалың жауған сәттері  түнге қарамай жұмысқа шыға береміз. 

Мерекеден кейін   қала  іші қоқыстан көз ашпай қалатыны бар.  Осы орайда айта кетейін, кейбір адамдар көше тазалап жүрген бізді көргенде  көліктерінің терезесінен   бос бөтелкелерін,  целлофандарды  лақтырып кетіп жатады. Осыны көріп, ішің қан жылайды. Қаланың тазалығы – ол біздің жанымыздың тазалығы емес пе?! Біздің әр жұмысшы өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды.  Қарапайым жұмысшы болсам да  мамандығыммен    мақтанамын,  – дейді еңбек адамы. 

Төрт баланың әкесі Қанат Мұхтарұлы Мемлекет  басшысының биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар  жылы» деп  жариялағанына қуанғанын айтады. «Президент айтқандай, еңбек адамы қоғамда қашанда абыройлы, мәртебесі биік болуы тиіс. Мұндай адамдар елге сыйлы азаматтарға айналуы керек» дей келе биыл өзі секілді Жұмысшы мамандар көбірек марапатталса деген ойын да ашып айтты. 
Расында,  елдің әлеуетін  көтеретін  Қанат Телманов секілді  қарапайым   жұмысшы азаматтар ғой. Еңбекпен қанаты қатайған  Қанатқа   абыройыңыз арта берсін дейміз. 

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

Бүгін, 17:02
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.