Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына!
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердің су беруге көрсететін қызметтер құнын өтеуге субсидия алуына арналған электрондық өтінімі веб-портал (gosagro.kz) арқылы қабылданады.
2024 жылға арналған суару суын беруге көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған ай сайынғы өтінімдер осы жылдың 1 маусымынан 30 қарашасына (қоса алғанда) дейін қабылданады.
Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының техникалық бақылау және су шаруашылығы бөлімінің тел. 8 (7282) 32-97-04.
Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша дайындалды.





